Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Содырлар Сирияда ресейлік екі тікұшақты атып түсірді

Сириядағы Пальмира қаласы маңында шілденің 8-і күні ресейлік екі әскери ұшқыш қаза тапқан деген болжам айтылып отыр.

BC17E7DB-AB7E-48FD-8E37-C8834344984F_w987_r1_s

Оларды сириялық үкімет әскерінің Ми-25 тікұшағымен «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы орналасқан ауданда ұшып бара жатқан жерінен атып түсірген деп хабарлады «Интерфакс» агенттігі.

«8 шілдеде ресейлік әскери ұшқыш-инструкторлар Ряфағат Хабибулин мен Евгений Долгин әскери қару-жарағы бар сириялық Ми-25 тікұшағымен Хомс провинциясында ұшып жүрген» деп хабарлаған Ресей қорғаныс министрлігінен «Интерафкс» агенттігіне.

Пальмира маңында тікұшақ құлағаны туралы ақпарат шілденің 9-ы күні таңертең тараған. Экипаж мүшелерінің тағдыры туралы нақты ақпарат жоқ.

Бұған дейін, 8 шілде күні кешкісін «Интерфакс» агенттігі Сирияның Хмеймиміндегі ресейлік әскери әуе базасының өкіліне сілтеме жасап, ресейлік әскери тікұшақтардың барлығы «аман-есен аэродромға оралған» деп хабарлаған еді.

Жіберіп алмаңыз:

13 жасар алматылық содырға ғашық болып, Сирияға бармақ болған

Павлодарда Сириядағы соғысқа бармақ болған жігіт сотталды

Ақтөбедегі террористерге Сириядан үндеу жасалған болуы мүмкін

Талқылау