Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сочи Олимпиадасында Қазақстанның туын ұстап шыққан спортшы допингпен ұсталды

Шаңғышы Ердос Ахмадиевтен тыйым салынған препарат табылып, 4 жылға спорттық жарыстардан шеттетілді. Ұлттық допингке қарсы орталық 2018 жылы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік кодексін бұзған қазақстандық спортшылардың тізімін жариялады

Ердос Ахмадиевтің талдауынан 2016 жылы қара тізімге енген препарат (мельдоний) табылды. 

33 жастағы спортшы 4 жыл спорттық жарыстарға қатысу құқығынан айырылды.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Ахмадиев Сочи Олимпиадасында Қазақстанның туын ұстап шыққан еді.

22 жастағы ауыр атлет Гүлназ Шәмиева мен 23 жастағы спортшы София Емелянова да 2018 жылдың ақпан айынан бастап 2022 жылдың ақпанына дейін спорттан шеттетілді.

Ұлттық орталықтың жаңартылған құжатында биатлоншы Анна Кистанованың да тіркелген. Өткен жылы оның талдауларынан фуросемид табылды. Ол 2017 жылдың қазанынан 2019 жылға дейінгі уақытта жарыстарға қатыса алмайды.

Бұған дейін ауыр атлетші Илья Ильин допинг дауынан кейін үлкен спортқа қайта оралған еді.

Тағы оқыңыз: 

Головкин-Канело реваншы: Билеттер қайтарыла бастады

Еркебұлан Сейдахмет әлемдегі ең талантты футболшылардың кітабына енді

Тұңғыш Паралимпиада чемпионына үш бөлмелі пәтер мен автокөлік кілті тапсырылды

Футболдан Қазақстан жастары Люксембургпен болған ойында жеңіске жетті

 

Талқылау