Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сочи мэрі қазақ халқын демалуға шақырып, ет асуға дайын екенін айтты

Сочи қаласының мэрi Анатолий Пахомов қазақстандықтарды Қара теңiздiң жағасында демалуға шақырды.

388 (1)

Сурет: www.vesti.ru 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Сiздердi Сочиге қуана шақырамыз. Екi ел арасында визалық режим жоқ, тiптi, тiл үйренудiң қажетi жоқ, тағамдарымыз да ұқсас. Әрине, бiз ет аспаймыз. Бiрақ, қазақ халқы үшiн ет асып, ұлттық тағамдарыңызды жасауға үйренуге әзiрмiз», – дедi Анатолий Пахомов.

Қала мэрi атап өткендей, Сочи бейтарап қала, мұнда келген турист жағажай, тау мен шаңғы, коньки спорты, хоккей мен ат спортынан бастап, көңiл-күйiне сай демалудың сан жолын таба алады. Сондай-ақ, Пахомов шипажай мен курорттағы емдеу шараларын барынша арзан бағаға ұсынатын «Ашық оңтүстiк» атты бағдарлама туралы құлағдар еттi.

Естерiңiзге сала кетейiк, 2016 жылдың маусым айынан бастап Астана және Алматы қалаларынан Сочиге аптасына бiр рет тiкелей әуе рейсi ашылады.

Талқылау