Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Смартфоннан бір жылға бас тартқан америкалықтарға 100 мың доллар береді

Vitaminwater сусын өндірісінің еншілес компаниясы Coca-Cola ерекше байқау жариялады. Байқау шарты бойынша, смартфонды бір жыл қолданбау керек.

Жеңімпазға 100 мың доллар сыйақы береді. Vitaminwater байқауға қатысушылардан бір жыл бойы гаджет, смартфон қолданбауды талап етті. Байқауға қатысу үшін 8 қаңтарға дейін өзінің не себепті гаджеттен бас тартанын жазу керек. Байқау қорытындысы айдың соңында жарияланады.

Гаджетке деген тәуелділік ғаламдық проблемаға айналды. АҚШ тұрғындарының 13 пен 17 жас аралығындағы 54%-ы смартфонмен көп уақыт өткізетінін айтты. 57% жастары смартфоннан бас тартуға оқталған, бірақ одан нәтиже болмады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау