Смартфонмен өткен бір күн журналист көзімен:
HONOR Magic 6 Pro-ны сатып алар ма едім?
Спортық сәттерді түсірудің арнайы алгоритмдері жылдам нысандардың суреттерін анық және егжей-тегжейлі етеді. Бұл, әсіресе, портреттер мен іс-қимыл көріністерін түсіру кезінде жақсы жұмыс істейді. Мысалы, мына әртістердің іс-қимылдарына назар аударайық. Суреттер анық, қанық шыққан.

HONOR Falcon смартфонының негізгі камерасы динамикалық диафрагманы өзін-өзі реттеу функциясына ие. Яғни камера түсіру шарттарына байланысты оңтайлы диафрагма мәнін (f/1.4 немесе f/2.0) автоматты түрде таңдайды. Сондай-ақ, "Профи" режимі арқылы пайдаланушыға жарық беру және артқы фонды бұлыңғыр етуді реттеу опцияларын өзі таңдай алады.
Енді мен сыртта өтетін іс-шараға барамын. Смарфтонды фотосуреттер мен видео түсіру және диктофонға сұхбат жазу үшін пайдаланамын.

Осы жерде мен Magic6 Pro-ның басты ерекшелігін - оның HONOR Falcon камерасын атап өткім келеді. 180 МП перископтық телеобъективі, өздігінен реттелетін динамикалық диафрагма және интеллектуалды қозғалысты түсіру - бұл камераны бәсекелестерден ерекшелендіретін мүмкіндіктердің кейбірі ғана. Тестілеу кезінде мен фотосуреттердің сапасын ғана емес, жоғары динамикалық көріністерде де тамаша фотосурет түсіруге мүмкіндік беретін камераның интеллектуалды мүмкіндіктерін де бағаладым.
HONOR Falcon камерасы фото әуесқойлары үшін ерекше мүмкіндіктерді ұсынады. Ол екі камерамен жабдықталған: қамту ауқымы кең, екіншісі - негізгі.
Алғашқы 50 МП камерасы фотосуреттеріңізде көп детальдарды алуға мүмкіндік береді, себебі қамту ауқымы кең. Сондай-ақ ол фотосуреттердің анық емес тұстарын автоматты түрде түзетіп, өте жақын қашықтықта, 2,5 см фокус ала алады, макротүсірілімді өзгеше етеді.

Сондай-ақ 50 мегапиксель рұқсаттамасымен негізгі камера кескіндерді егжей-тегжейлі және кеңірек динамикалық диапазонмен қамтамасыз ететін арнайы сенсормен жабдықталған. Ол суретке жақсы жарық беру үшін диафрагманы автоматты түрде реттейді, тіпті пайдаланушы өзіне ұнайтын параметрлерді өзі қоюына мүмкіндік береді.
Технология қарыштап дамыған заманда әрбір жаңа өнім шыққан сайын инновациялар мен тамаша жетістіктерді көзбен көріп, қолмен ұстағандай сезінесің. Кеше ғана HONOR Қазақстанда су жаңа өнімін - HONOR Magic6 Pro смартфонын таныстырды. Бұл  - жасанды интеллект кіріктірілген смарт құрылғы. Бұл құрылғы мобильді технология туралы ойыңызды өзгертіп қана қоймай, қажеттіліктеріңіз бен ойда жүрген дүниелерді іске асыруға уәде береді. Журналист әрі Stan.kz порталының бас редакторы Назерке Мұса смартфонды сынап көрді. Енді ол құрылғымен өткізген бір күні туралы айтып береді.
Смартфон түстері
Қазақстанда ол екі түсте қолжетімді: артқы жағы шыны графиттен жасалған қара түс және артқы жағы эко-былғары болып келетін жасыл шалфей түстес.
Смартфонды қосып, қажетті қосымшаларды жүктеп, SIM карта салып, тестілеуді бастап кеттім. Мен оны үш күн қолдандым және осы сынақ күндеріндегі ең маңызды дүниелерді жинап, HONOR Magic6 Pro қандай смартфон деген сұраққа жауап іздеп көрдім.

Менің таңым телефондағы дабылдан басталады. Оянамын, дабылды өшіремін және хабарландыруларымды тексеру үшін телефонымды қолға аламын. Былайша айтқанда, таңым кофемен емес, поштадағы SMS хабарламалар мен чаттарымды тексерумен басталады.
Қораптан шығару
Смартфон классикалық қара түсті қорапшаға салынған. Сәнді көрінеді. Қаптаманы ашқан кезде сіз әдемі орналастырылған құралдарды көресіз, бұл бірден жағымды әсер қалдырады. Ішінде қорғаныс пленкасы бар смартфон, USB 3.0 қуат кабелі, SIM картаны алып-салуға арналған ине, нұсқаулықтар мен 100 Вт адаптерге көзіңіз түседі. Көп жерде мұндай дайын тысқап берілмейтінін ескерсек, уақытын үнемдейтіндерге енді ешқайда жүгіріп жүрудің қажеті жоқ.
Таңғы ас әзірлеп жүріп, мен бүгінге орындау керек тапсырмалар тізімін қарап, күннің жоспарын жасаймын. Музыка, подкасттарды тыңдаймын не кейде таңертеңгі сиқырлы тыныштық пен сәттерден ләззат алуға тырысамын. Осы аралықта байқағаным, алғаш қолға алғанымда телефон менің кішірек қолыма сәл ауырлау сезілді. Көпшілік сияқты телефонды әдетте бір қолмен қолданамын, бірақ бұл смартфонда кейбір уақытта екеуін де қолдануыма тура келді.
Қашықтан басқару
Жұмысқа бара жатып, түнде болған барлық маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін телефонымнан жаңалықтарды шолып шығамын. Біздің редакция бірде-бір маңызды жаңалықты қалт жібермеуі тиіс. Смартфон тез жұмыс істейді, маған оны қашықтан басқару мүмкіндігі ұнады, әсіресе, мен көлікте болғанда (көлік жүргізбеймін) және өте маңыздысы, көлік жүргізу кезінде де мен бір қолмен-ақ скроллинг жасай аламын, бұл расымен де ыңғайлы. Бір қолмен басқару арқылы телефонды ұстап әуреленбейсің. Бұл «Ауадағы қозғалыс» функциясы мен смартфондағы ассистент көмегімен орындалады.

Ол үшін бар болғаны алақаныңызды телефон деңгейінде көтеріп, жоғары қарай сілтеу керек. Бұл функция ұсынатын тағы басқа мүмкіндіктер бар. Мысалы, алақанды телефон деңгейімен ұстап тұрып, оны кері айналдырғанда, «артқа» командасын орындауға болады. Ал алақаныңызды жұдырықтай түйсеңіз, скриншот жасалады. Мұның бәрін 20-40 см қашықтықта жасауға болады.

Бұл функция тамақ істеп жүріп, смартфонын серік қылатындарға да пайдалы болуы мүмкін. Жаңалықтар лентасын немесе әлеуметтік желілердегі контентті ауыстыру немесе скриншоттар жасау үшін үнемі қолыңызды жуудың қажеті жоқ, әсіресе TikTok немесе Instagram сияқты қосымшаларды пайдаланатындар үшін бұл ұтымды шешім.
Құпиялылық саясаты
Бұған қоса, ассистент суреттен мәтінді көшіруге және оны басқа қолданбаларға жіберуге көмектесе алады. Бұл мәтінді қолмен қайта термей-ақ ақпаратты тасымалдау және мәліметтер алмасу үшін пайдалы.
HONOR AI Motion Sensing технологиясы туралы да айтқым келеді. Оның көмегімен камера жасанды интеллект көмегімен қозғалысты таниды. 28 есеге ұлғайған нейрондық желі жаттығуларының кең жиынтығы арқасында камера адамдардың, кейбір жануарлардың және волейбол, баскетбол, теннис және басқа да көптеген спорт түріндегі ең жақсы сәттерді автоматты түрде суретке түсіре алады.
Назерке Мұса
журналист
Кеңсеге келген соң шай ішіп, бірден жұмысқа кірісемін. Телефонымды әдетте жұмыс бойынша қоңыраулар, электрондық поштадағы хаттар мен жұмыстарды реттеуге және онлайн кездесулер кезінде пайдаланамын. Сұхбат алуды жоспарлап отырған кейіпкерлердің аккаунттарын зерттеймін. Сұхбаттың уақыты мен басқа да детальдар бойынша келісемін.
Ал күндізгі уақытта смартфон әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды іздеудегі сенімді көмекшім болып қала береді. Болып жатқан жаңалықтар мен оқиғаларды қадағалап отырамын, сонымен қатар мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы командамен осы ақпаратпен жедел бөлісемін.
Батарея өте жақсы сақталады деуге болады. Өткен жолы Honor Magic V2 смартфонына шолу жасағанда компания өте жұқа кремний-көміртекті аккумулятор жасау арқылы батареялар әлемінде революция жасағанын айтқан едім. Егер Honor Magic V2 моделіндегі аккумулятордың сыйымдылығы 5000 мАч болса, жаңа HONOR Magic6 Pro моделінде 5600 мАч-қа дейін ұлғайтылған сыйымдылықтағы екінші буын батареясы орнатылыпты, ол құрылғының өлшемі мен салмағын айтарлықтай арттырмай, батареяның ұзақ қызмет ету мерзімін қамтамасыз етеді.
Энергияны басқару инновациялық дискретті HONOR E1 чипінің көмегімен жүзеге асырылады. Ол тіпті -20 градусқа дейін төмен температурада тиімді жұмысты қамтамасыз етеді. Бұл суық жағдайда смартфонның сенімділігін арттырып, батареяның қызмет ету мерзімін ұзартады.

HONOR SuperCharge 80 Вт жылдам сымды қуаттағыш пен HONOR Wireless SuperCharge 66 Вт сымсыз қуаттау процесін барынша ыңғайлы және тиімді етеді. Осылайша адаптерге қосылғаннан кейін небәрі 40 минут ішінде аккумуляторды толығымен зарядтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, смартфонның корпусы IP68 стандартына сәйкес ылғал мен шаңнан толығымен қорғалған, бұл оны ең экстремалды жағдайларда да тамаша серіктес етеді. Сондықтан оны жаңбырда, бұршақта және боранда қауіпсіз алып жүре аласыз.
Үйге қайтып келе жатқанда, жолда, мен әдетте қоғамдық көлікте немесе таксиде отырып электронды кітап оқимын. Көпшілік смартфондардағыдай өзінің оқуға арналған бағдарламалық жеке қосымшасы жоғына қанағаттанбадым. Бірақ кітап оқуға арналған басқа қосымшаны жүктеп алып, үш күн ішінде “Алиса ғажайыптар елі” түпнұсқасын 50 бетін оқыдым. Қазір мен үшін онлайн кітап оқу ыңғайлырақ, әсіресе, компания өз тұтынушыларының денсаулығына өте мұқият қарайтынын білгенде, еш қорықпайсың.

Пайдаланушының көру қабілетін қорғау үшін HONOR Magic6 Pro озық технологияларды пайдаланады. 4320 Гц PWM жиілігі арқасында бір қалыпты жарық қамтамасыз етіледі және TÜV сертификаты қауіпсіздікке кепілдік береді. Мәселен, мен түнде де кітап оқып көрдім. Түнгі режим мен табиғи экран реңінің мүмкіндіктері құрылғыны тәуліктің кез келген уақытында көзге ыңғайлы етеді.
Үйге келген соң кешкі астан кейін мен әртүрлі контент тұтындым: фильм көрдім, подкаст қарадым.
Ұйықтар алдында оятқыштың дұрыс уақытқа қойылғанына көз жеткізудің қажеті жоқ, себебі бір рет қойған соң автоматты түрде сақталып қалған. Смартфонымның келесі күнге дейін қуаты жететінін білемін және оны қайта қуаттау туралы алаңдамаймын да.

Мені смартфонның корпусы мен оның әйнегінің беріктігіне қатысты мәліметтер де қызықтырды. Оның экранында кристалдық тығыздығы мықты HONOR NanoCrystal Shield қолданылады, оны кәдімгі шыныдан 10 есе берік етіп жасайды және соққыдан сақтануды тиімдірек етеді.

Айта кету керек, бұл экран әртүрлі жағдайларда құлауға төзімді. Осы үшін SGS сертификатының ең жоғары деңгейін алған. Осылайша HONOR Magic6 Pro-ны үш күн қолданып, бұл смартфонды сатып алар едім деген қорытындыға келдім.

Себебі ол жұмысымның қарқындылығына шыдайды деп ойлаймын: сапарларға жиі шығу, түрлі ауа райындағы түсірілімдер, және т.б. Ұялы телефон алар алдында мен әрдайым оның беріктігіне мән беремін, өйткені оны кемінде бес жыл пайдалануды жоспарлаймын.
1
2
Сиқырлы сәтті ұстаңыз
AI технологиясы кіріктірілген HONOR Falcon үш камералы смартфонның жаңа буыны арқылы мобильді фотосурет әлемінде төңкеріс жасаңыз.
3
1
2
180 МП перископты телефото объективі
3
Өнеркәсіпте алғаш рет осындай жоғары ажыратымдылығы бар сенсор фотосуреттерді кез келген масштабтау деңгейінде тамаша егжей-тегжейлі көрсету үшін пайдаланылады: оптикалық 2,5x, гибридті 5x және 100x дейінгі сандық.
Негізгі кең ауқымды
50 МП H9000 сенсорлы камерасы
Super Dynamic Falcon Camera H9000 HDR 1/1,3 дюймдік сенсоры кең динамикалық диапазонмен көп детальдарды алатын жоғары кескіндерді береді. Арнайы әзірленген HDR сенсоры HONOR Magic5 Pro-мен салыстырғанда 210% жоғары динамикалық диапазонды қамтамасыз етеді, тіпті жарық көп түсетін орындарда түсті дәл сол қалпы береді
Ультра кең ауқымды камера 50 МП
122 градустық ауқым, қателіктерді интеллектуалды түрде түзету, детальдары өте анық кескіндер және 2,5 см қашықтағы макро түсірілімге арналған автофокус.