Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Смартфон” және “WhatsApp” сөзі қазақшаға аударылатын болды

“Смартфон” және “WhatsApp” сөзі қазақшаға тәржімаланатын болды. Бұл туралы есеп беру жиынында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды Informburo.kz.

wha-5

Сурет macdigger.ru

“Ағылшын тілі жыл сайын 6 мың жаңа сөзбен байып отырады екен. Яғни, “смартфон”, “WhatsApp” деген сияқты жаңа сөздер пайда болып жатыр. Қазақ тілінің терминологиясына сай біз оларды аудару керекпіз”, – деп түсіндірді министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы мұндай аудармалардан қашпау керектігін ескертті. Ол мысал ретінде ертеректе аударылған “пианино” сөзін келтірді. Ол қазіргі таңда “күйсандық” атауымен қолданыста жүр.

Талқылау