Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Slither.io ойынын ойлап тапқан жігіт күніне 100 мың доллар табыс табуда

Slither.io онлайн ойыныны құрастырып шыққан американдық 32 жастағы Стивен Хаус маусым айының ортасынан бастап осы ойынның арқасында күніне 100 мың доллар табыс таба бастаған.

ьтимсчя

Бұл туралы tjournal.ru хабарлайды.

Бұл ойын бағдарламасының бір ғана қиындығы бар. Бірнеше ойыншының біруақытта тұрақты түрде қосыла алуы әлі күнге шешімін таппай келе жатыр.

2016 жылы наурыз айында Стивен Хаус тұрғын үй төлемі бойынша қиындыққа кез болған. Алайда оның ойыны 25 наурызда iOS пен Android қолданушыларына арнап шығарылғаннан кейін, ерекше танымалдылыққа ие болған. Үш ай ішінде ойын 68 миллион рет жүктелген. Веб-нұсқасын әр күн сайын шамамен 67 миллион адам қолданады екен.

Алайда бағдарламаның қиындығы сол, егер сервер толып қалса онда жаңа ойыншылар қосылмай қалады. Сосын бұл өзгелердің де ойыннан шығып қалуына әсер етеді. Қазір Хаус хостинг үшін айына 15 мың доллар төлейді. Хаусқа ойынның идеясы бір жыл бұрын келген. Ол бағдарламаны құрастырумен бір жарым жылдай айналысты. Ал іске қосылғаннан кейін маркетинг үшін Стивенде еш ақша қалмады. Алайда қосымша өз-өзінен танымалдылық жинап, ақша тапты.

Slither.io 2016 жылдың наурыз айынан бастап шықты. Онда “жылан” тірі қалу үшін күреседі. Алдымен ресурс жинап, өсіп, сосын өзге “жыландармен” соғысуыға тура келеді. Қазіргі таңда ойын App Store мен Google Play-дің жүктелу деңгейі бойынша көш басында тұр.

Талқылау