Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Слекишина соттан өтемақы талап етпек

Түрмеде зорланған Наталья Слекишина соттан моральдық өтемақы талап етпек. Сондай-ақ, ол түрмеде тұтқындардың жиі зорланатынын, бұл істен кейін бірталай қылмыстың беті ашылатынын мәлімдеді.

260423

Слекишинаның қорғаушысы Айман Омарова: «Қорғалушы тергеу изоляторында басында өткен жайттардың өтемін талап ететін болады. Слекишинаның үкімінде оны зорлауға болады делінбеген. Үкім бойынша, ол тек жазасын өтеуі тиіс. Ал мемлекет тұтқындалған азаматшалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Алайда олай болмай шықты», – деді. Бұл туралы Sputnik хабарлады.

Слекишинаның ісін Алматы прокуроры өз қадағалауына алды. Слекишина түрмеде зорлық-зомбылықтың көп болатынын, Хәкімовке кесілген жаза оларға үміт сыйлап, бірталай қылмыстың беті ашылатынын айтып өтті. «Жапа шеккен жалғыз мен емес», – деп мәлімдеген Слекишина соттың үкіміне толық қанағаттанатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, сотталушы Наталья Слекишина биыл шілде айының басында қамауда зорланғанын, содан жүкті болып, босанғандығын жария еткен болатын. Оның айтуынша, түрме басшылығы алғашында зорлау туралы істі жасырмақ болған. Алайда, сараптама қылмыстық іске қатыстылардың бірінің нәрестенің әкесі екенін растады.

Зорлау оқиғасы ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ЛА-155/18 мемлекеттік мекемесінің тергеу абақтысында болған. Наталья Слекишинаның айтуынша, оны осы мекеменің төрт қызметкері зорлаған.

Н.Слекишина түрмедегі мерзімін қысқартуды сұрап Алмалы сотына өтінгенін оның адвокаты Айман Умарова бұған дейін хабарлаған болатын. Айта кетейік, Н.Слекишинаның өзі азаматтық некедегі күйеуінің үйіне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталып, қазіргі уақытта жазасын өтеп жатыр. Ал айыпталушы Руслан Хәкімов тоғыз жылға сотталды.

Жіберіп алмаңыз: 

Тойға келген қазақстандық әйел өзін зорлаған еркекке пышақ ала жүгірді

10 жасар баланы зорлаған Петропавл тұрғыны тұтқындалды

Есікте Жібек Мусинованы жабылып зорлаған күдіктілерге қатысты дәйектер жоғалып кеткен

Алматы облысында зорланған 56 жастағы әйел ауруханадан шықты

 

 

Талқылау