Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Skype қосымшасы миллиондаған қолданушылар үшін қолжетімсіз болады

Microsoft компаниясы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бірқатар ескі платформаларда Skype қосымшасының істемей қалатынын жариялады.

Skayp-640x360

Бұл туралы Postimees хабарлайды.

Windows Phone 8 және 8.1, Windows RT планшетімен, Smart TV функциясымен жұмыс істеп жүргендер 1 шілдеден бастап Skype қосымшасын қолдана алмайды.

“Біз сіздің қазір немесе бұрын Skype қосымшасын Windows Phone 8, Windows Phone 8.1, Windows RT, TV немесе Windows 10 Mobile-ге арналған Messaging қосымшасында пайдаланып келгендеріңізді байқадық. Бірақ, біз Skype-тың бұл ескі нұсқаларын толықтай өшіреміз”, – делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Егер сіз аталған платформалардың бірі арқылы Skype-ты қолданып жүрген болсаңыз, онда сізге осы айдың соңына дейін операциялық жүйеңізді жаңарту немесе телефон ауыстыру керек болады. Мұның мәнісі Microsoft компаниясы өз дамуын тоқтатқан платформаларда жұмыс істеуге құлықты болмай отырғандықтан екен.

Skype бірақ Android, iOS, Windows 10 және Windows 10 Mobile бойынша жұмыс істей береді, тиісінше автоматты түрде жаңаланады.

Оқи отырыңыз:

75 жастағы қарт велосипедпен Меккеге аттанды 

Барак Обама бір туфлиді сегіз жыл киіп келген

Қытайда рельссіз жүретін трамвай жолға шықты (видео)

Жұрт адамға ұқсас беймәлім құбыжықтың не екенін білмей дал болды (видео)

Талқылау