Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Скрипканы жек көрдім: Жәмила Серкебаева өнерге қалай келгенін айтып берді

Әйгілі Серкебаевтар әулетінің мүшесі Жәмила Серкебаева өнерден кенде емес. Скрипкашы ретінде танымал музыкант өз тегіне кір келтіргісі келмейді. Сондықтан әр туындысын асқан байыппен таңдап, сахна төрінде өнер көрсеткенде үнемі қобалжитынын жасырмайды. Десе де Серкебаева өзіне танымалдық алып келген музкалық аспапты бірден ұната қоймағанын мойындайды.

Жәмила Серкебаева

Бұл туралы танымал скрипкашының өзі айтып берді, деп жазады Good Housekeeping журналына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Жәмила Серкебаеваның айтуынша, музыка мектебінің табалдырығын аттағаннан кейін өзін оқуға мәжбүрлеп, ынталандырып, тіпті, кей кездері жазалаған көрінеді.

«6 жасынан бастап музыканы ұнатып, музыкамен айналыса бастайтын балалар  болады. Бірақ балалар әртүрлі. Менің бірінші сыныпқа берді. Ал бір жылдан кейін мен скрипканы жек көретінімді айттым. Алайда скрипкада ойнауды жақсы көре бастаған сәтім есімде жақсы сақталған. Бұл 8-сыныпта болған еді», – деп еске алады Серкебаева.

Музыканттың айтуынша, оның скрипкаға деген қызығушылығының артуына ұстазы себеп болыпты.

«8-сыныпта аспапта анағұрлым жақсырақ ойнай бастадым. Себебі сыныпқа тамаша педагог Вениамин Соломонович Хесс жетекшілік ете бастады. Ол – Қазақстандағы скрипка мектебінің негізін салушылардың бірі. Ол кісіден 2 жыл білім алу бақыты бұйырды. Артынша ол кісі бақилық болды. Көп нәрсе педагог пен ата-анаға байланысты. Олар баланың үйреніп, білім алуын табанды түрде талап етуі керек», – дейді скрипкашы.

Өз сөзінде Жәмила Серкебаева скрипкада ойнаудың оңай еместігін атап өтті.

«Аспапқа келер болсақ, күйсандықта ойнау скрипкадан жеңіл деп айта алмаймын. Алай скрипка – өте ауыр аспап. Ол физикалық тұрғыдан қолайсыз. Табиғи емес. Тіпті, баланың сүйектері де осы аспаппен бірге өседі», – дейді Жәмила Серкебаева.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау