Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағдыры осындай: СҚО-да 6 жыл бұрын өрттен құтқарылған ер адам өрттен көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында жеке үйде шыққан өрттен 52 жастағы ер адам көз жұмды. Оны алты жыл бұрын үйден шыққан өрттен аман алып қалған екен.

Фото: Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тайынша ауданының құтқарушылары төрт шақырым қашықтықта орналасқан Петровка кентінде жеке үйден өрт шыққаны туралы ақпарат алды.

От шатырды бұзып, үйдің қабырғасын бүлдірді. Өрттің жалпы ауданы 7 шаршы метрді құрады. Өрттің алдын-ала себебі - қысқа тұйықталу сымынан болды.

«Осы үйде 2013 жылдың 23 сәуірінде үй иесінің кінәсінен туындаған өрт  сөндірілген еді. Өртке шылым шегуге себеп болды. Ал ақпан айында Чкалово ауылын тексеру барысында № 17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен, әкімдік қызметкерімен бірге үй иесіне үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға нұсқау берді», - деп атап өтті ведомствода.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр