Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО тұрғыны өз өмірін қауіпке тігіп, 2 баланы өрттен құтқарды

Солтүстік Қазақстан облысының Степное ауылында тапа тал түсте тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Көршілері егде жастағы әйел адам мен екі бірдей баланы құтқарып қалды.

Бұл туралы облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

30 жастағы Иван Котов үй ауласында шаруашылықпен айналысып жатты. Көрші үйден шыққан түтінді көрген ол өрт шыққан үйге қарай жүгіре жөнелді.

Жалынның кесірінен ол ішке кіре алмады, алайда бірден өрт қызметіне хабарласып, көмек шақырды.

«Оған көмекке 37 жастағы Азамат Рамазанов келді. Олар пәтерде адам бар екенін білді. Иван терезені сындырып, өртке оранған пәтерге енді. Түтіннен ештеңе көрінбесе дүйден егде жастағы әйелді алып шықты. Жатын бөлмесіндегі 2 және 3 жасар балаларды ол кезекпен терезе алдына әкеліп, Азаматқа тапсырды”, – деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

1954 жылы туған әйел Тимирязев аудандық ауруханасына ауыр жарақатпен түсті. Ал балалар айтарлықтай зардап шеккен жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Саусағыңды кесемін деді: Аршавиннің әйелі қазақстандық модельге доқ көрсеткен (видео)

Экс-депутаттан зорлық көрген қыз екінші рет Назарбаевтан көмек сұрады (видео)

Ауғанстаннан келген студент Назарбаевтан көмек сұрады (видеоүндеу)

Алматы облысы тұрғыны қардың астынан қару-жарақ қоймасын тауып алды

Талқылау