Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО тұрғындары балаларына екпе жасатудан бас тартып жатыр

СҚО-да 270-тен астам отбасы балаларына тиісті екпе салдыруға қарсы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО тұрғындары балаларына екпе жасатудан бас тартып жатыр

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Серікбай Қасқамасов айтты.

Бұған дейін діни көзқарасына байланысты еліміздің батыс өңірі тұрғындары екпеден бас тартатын. Дәрігер СҚО тұрғындарының екпеден бас тартуына не себеп болғанын айтты.

Санитарлық дәрігердің айтуынша, тұрғындар діни көзқарасы үшін, БАҚ-та екпені ағзаға кері әсері жайында  оқып білген соң не өзінің жеке көзқарасы үшін бас тартады.

«Мемлекет халықты, балаларды қорғауға қаражат бөледі, алайда кейбір ата-аналар білместіктен немесе жеке себептермен баланың екпе алуын  шектейді. Сол үшін біз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Былтыр бас тартқандардың ішінен 190 адамға екпе жасадық, дегенмен жаңадан бас тартушылар шығып жатыр», – деді С. Қасмақасов.

Бүгінде 22 инфекцияға қарсы екпе салынып жатыр.

«Инфекцияға қарсы екпе сәби туыла сала жасалып,  56 жаста тоқтатылады. Ересектер қауымы 26, 36, 46 және 56 жаста дифтерияға қарсы егіледі. Кей жағдайларда әртүрлі жарақаттар алған ересек адамдарға сіреспе ауруына, құтыруға қарсы екпе жасалады», – деп атап өтті С. Қасмақасов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау