СҚО полицейі Youtube жұлдызына айналды (видео)

Сәрсенбі, 23 Желтоқсан , 2015 9:20

Youtube -дегі «Әділ полицей» бейнеролигін 28 мыңнан астам пайдаланушы тамашалаған. Онда зейнеткерге көшеде жолдан өтуге жәрдемдескен полицей – бейнеролик кейіпкері Петропавл қ аласы ІІД жол-патрульдік полиция батальонының апат орнына шығу жөніндегі инспекторы полиция лейтенанты Тимур Ысмайылов екен.

gjkbwbz

Бұл туралы облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Полицей сол күнгі оқиғаны былайша баяндайды: «жұмыс бабымен Жабаев көшесі бойынша келе жаттым. Қарасам «Тайга» базарына қарсы тайғанақ көшеде әжей таяқпен жолдан әрең өтіп бара жатыр екен. Машина толассыз өтіп жатыр. Үлкен сөмкемен қиылысқа дейін жету оған оңай соқпайтынын түсіндім. Сосын жолдан өтуге көмектесуді жөн санадым. Мен ЖПҚ киімінде болдым. Жүргізушілер бізге бірден жол беріп отырды. Мұны ерлік деп санамас едім».

Петропавл қаласы ІІБ жол-патрульдік полиция батальонының командирі полиция подполковнигі Ринат Құсайынов жауынгерлік, қызметтік дайындық сабақтарында бағынысты қызметкерлерге жол полицейлерінің қызметі тек бұзушылықты анықтау емес, сонымен бірге жол қозғалысы қатысушыларына жәрдемдесу екені үнемі айтылатынын мәлімдеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар