Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО Оңтүстік облыстан келетін 300 отбасыға тұрақты мекен беруге дайын

СҚО аймақтағы халық санының аздығы мәселесі негізінде Оңтүстік Қазақстан облысынан келген 300-ге жуық отбасын тұрақты мекенге орналастыруға дайын. Жоспар бойынша 250 отбасын қабылдауы керек екен.

8367915

Бұл туралы СҚО әкімі Ерік Сұлтанов мәлімдеді.

«Облыста халық саны жыл сайын 1 пайызға кеміп барады. Бұл дегеніңіз – 5-5.5 адам. Бұл біз үшін өте өзекті мәселе», – деді Сұлтанов Орталық Коммуникациялар брифингінде.

2015 жылы СҚО-нан 22 мың адам кетіп, 19 мың адам көшіп келді. 2015 жылғы баланс көрсеткіші 30 адамды құрады.

«Бұл өзге облыстармен салыстырғанда мектептерде 81 пайыз аз қамтылған, бір оқушының жылдық шығыны екі еселенген жалғыз облыс. Біздің делегация ОҚО ірі аудандарына барып, 300 мың адам тұратын аймақтарды көріп қайтты. Бұл дегеніңіз біз үшін таңданарлық жағдай. Біз жаққа көшіп келетін 110 үй мен 18 отбасын дайындап қойдық. Барлығы келіп, СҚО жайлылығына, үй, жұмыс орнының барына қуанады», – дейді Сұлтанов.

Ол жоспар бойынша 250 отбасын қабылдауы керек екенін, алайда облыс әкімдігі 300 отбасына дейін көшіруге жеңілдік сұрап отырғанын айтты.

«Бізде көкөніс өсіруге не мал бағуға болады. Бәріне жер жетеді», – деп қорытты әкім.

Талқылау