Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО құрғақ тамақтарды өндіретін болды

Солтүстік Қазақстан облысында құрғақ тамақтарды шығаратын өндіріс ашылды.

25

Өндіріс орны Петропавл қаласында орналасқан.

ЖШС «Радуга» енді жүгері таяқшалары мен жүгерінің қауызын шығаратын болды.

Зауыт 25 түрлі өнім шығарады. Өнімнің барлығы қазақстандық ингредиенттерден алынып жасалады. Тіпті, осы жылы компания Ресей экспортына шығуды жоспарлап отыр. Одан кейін басқа елдерге экспортталатын болады.

Зауыттың өз ішінде өнімнің сапасы бақылауда болады. Себебі, өндірісте тек таза өнімдер  қолданылады. Ал олардың сақталу мерзімі 4 айдан аспайды.

Сонымен қатар, зауытта жоғарғы технологиялық автоматтандырылған құрылғы орнатылған. Сонда зауыт тәулігіне жүгері қауызын 300 келі, ал жүгері таяқшаларын 400 келі шығарытын болады.

Талқылау