СҚО-дағы ауыл халқы суды облыс орталығынан тасып ішіп отыр

Жұма, 15 Қыркүйек , 2017 14:53

Солтүстік Қазақстан облысындағы Малое Белое ауылының тұрғындары талай жылдан бері сапалы таза суға зәру. Ауылдағы ағайын қазір тіршілік нәрін облыс орталығынан тасып ішіп отыр.

5c325a290d7fab17e79e0f45918bff30_L

Бұл туралы “Хабар” арнасы хабарлайды.

Тұрғындар басқа амал жоқтығын айтса, жергілікті билік «көп жыл бойы қордаланған проблеманы биыл шешеміз» дейді. Малое Белое селосы Петропавл қаласынан жеті шақырымдай жерде орналасқан. Облыс орталығының іргесінде деген жәй аты ғана. Ауылдағы ағайын ішетін таза суға жарымай отыр.

“Көлігі барлар қалаға барып, флягамен әкелеміз. Ал көлігі жоқтар үшін мына жерде котлован бар. Сол котлованнан ішеді суды. Құдықтың суы ащы. Қазір әркімнің үйінде құдық бар. Бірақ ол ішуге жарамсыз. Аудан әкіміне де барып айттық. Біз халық жиналып, хат та жолдадық. Ешқандай қозғалыс жоқ”, – дейді ауыл тұрғыны Айдарбек Баекин.

Осыдан бірнеше жыл бұрын ауылда құс фабрикасы салынған болатын. Сол кезде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша мұнда су тартылған еді. Бірақ құбырдағы қысым аз екен.

Айта-айта жауыр болған мәселе осыдан екі жыл бұрын шешімін тапқан болып, 2015 жылы ауылға су келді. Алайда тұрғындар әлі күнге дейін мұның қызығын көре алмай отыр. Жергілікті билік аталған мәселе жыл соңына дейін шешілеріне сендірді. Сондықтан таза судан тарыққан тұрғындарға күтуден басқа амал жоқ.

“Су құс фабрикасының өзіне де жетпей жатыр. Сол себепті ауыл тұрғындарына берілмей отыр. Осы апта кәсіпкерді аудан әкімімен кездесуге шақырттық. Проблема оңтайлы шешіледі деп ойламыз. Себебі бұдан басқа амал жоқ”, – дейді Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, ТКШ және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақыт Ілиясов.

Жалпы Қызылжар ауданында болашақта 19 елді мекенге таза ауыз су тарту көзделген. Қазіргі таңда олардың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Алматыда ешқашан мектепке бармаған 11 жастағы қыз табылды

Семей әуежайында ұшақ кәдімгі құмның үстіне барып қонды (видео)

Маңғыстау ІІД түнде болған төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді

Балаларға арналған жөргекқаптан құрт шықты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар