Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-дағы адам шошырлық тасқын жаңа елді мекендерді басып жатыр

Отыз жылдан соң қайталанған қызыл су! Араға осыншама уақыт салып Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданын су басып жатыр. 100 шақты тұрғынды шұғыл қауіпсіз жерге көшіруге тура келген деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ыы

Төрт күн бойы толассыз ағып жатқан тасқынмен күреске жергілікті билік тіпті Астанадан құтқарушыларды көмекке шақырып жатыр.

Доброжановка ауылында тұратын Николай Данильщенко 4 күннен бері таныстарының үйінде жүр. Өз баспанасына мынадай резеңке киім киіп, дүние-мүлкін қарап келеді. Малы да кім көрінгеннің қорасында тұр.

“Ауа-райы кінәлі. Су жан-жақтан келіп жатыр. Үйдің іші, жертөле, мал қора бәрі суға толып тұр. Дүниемізді жоғары көтеріп қойдық, мына ескі үйіміз құламаса игі еді деп отырмыз”, – дейді ауыл тұрғыны Николай Данильщенко.

Желтоқсан айында жауған жаңбыр топырақтың бетін мұзға айналдырып, судың сіңуіне кедергі жасаған. Алқаптарда еріген қар суы енді еңіске қарай ағып жатыр. Қызыл су жолай ауыл-аймақтарды шайды. Жергілікті төтеншеліктерге астаналық әріптестері көмекке келді. Олар халықты қайықпен тасып, қауіпсіз жерге шығарған. Ал үйі мен мал мүлкін тастауға көнбегендеріне бөшкемен су тасып жүр.

“Тоғыз адамды эвакуировать еттік, қолдарымыздан келгенше көмек жасадық, қалған адамдар шыққылары келмейді. Мал жағдайларын тастағылары. Және санэпидемстанциямен барып, малдың жағдайларын, қанша мал бар халықта, сулары ,тамақтары бар ма, соны біліп келе жатырмыз”, – дейді аэромобильді құтқару жасағының жетекшісі Есбол Оспанов.

Донецкое, Многоцветное, Ясная Поляна елді мекендерінен 100-ге тарта жан қауіпсіз жерге шығарылған. Облыстық маңызы бар күре жолды бұзып, бағытын өзгерткеннен кейін ғана судың деңгейі түсе бастапты. Әзірге тұрғындардың үйлеріне қашан оралатыны белгісіз. Тек жергілікті биліктің топан судан зардап шеккендерге шығындары өтеледі деген уәдесі ғана көңілге медеу.

Талқылау