Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да жол жабылып саяжайларды топан су басып жатыр

Қызыл су Қызылжарға жетті. Қазір Есіл өзенінің суы шаһар сыртындағы саяжайларды басуда. Сондай-ақ өңір арқылы өтетін халықаралық тас жолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Енді қала сыртындағы Заречное ықшамауданы да уақытша аралға айналуы мүмкін. Қызыл су Қызылжарға жетті. Қазір Есіл өзенінің суы шаһар сыртындағы саяжайларды басуда. Сондай-ақ өңір арқылы өтетін халықаралық тас жолдардың бірі жабылды. Енді қала сыртындағы Заречное ықшамауданы да уақытша аралға айналуы мүмкін.

Мамандар сәуірдің 25-і мен мамырдың үші аралығында Есілдің суы ең жоғары деңгейге көтерілетінін айтуда. Алайда биыл қардың аз түсуіне байланысты былтырғыдай өзен бірнеше рет тасый қоймас деп отыр. Өткен жылы Есіл үш қайтара көтеріліп, жұрттың есін шығарған еді. Қазір облыс ақылы өтетін халықаралық маңызы бар Челябі-Новосібір тас жолымен жеңіл автокөліктердің жүруіне тыйым  салынды. Бір-екі күннен соң бұл жол жүк көліктері үшін де жабылып, жүргізушілер айналма жолға қарап қалайын деп тұр.

“Өте сақтықпен жүріп өттім. Жылдамдықты төмендетіп, ақырын  жүрмесең, толқын көліктің қозғалтқышын жарамсыз етіп тастайды. Қалай болғанда да, қалаға жету  керек. Тұрғындарға сүт тасымасақ болмайды”, – дейді көлік жүргізушісі Виктор Лусатый.

Тағы оқыңыз: 

Астанада медициналық университетіндегі жанжалға кінәлілер жұмыстан қуылды

Қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін басы дауға қалған Qazkom ресми түрде кешірім сұрады (видео)

Қазақстандықтар желі қызметіне шағым айтты: Министр не деп жауап берді

Талқылау