Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да жүргізуші жүк көлігіне 290 мың теңгеге VIP нөмір сатып алған

Солтүстік Қазақстан облысының жүргізушісі өзінің Камаз-5511 жүк көлігі үшін «555» нөмірін 290 мың теңгеге сатып алған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдейді, – деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

10772135

Баспасөз қызметінің мәліметінше, СҚО жүргізушілері үшін 001, 002, 555, 777 санды нөмірлер сәнге айналған.

ҚР «Жол жүру» заңына сәйкес көлік иелері өзі қалаған нөмірлерді таңдап алуына болады. Арнайы халыққа қызмет көрсету орындарында қымбат нөмірлер сатылымға қойылған.

2015 жылы қымбат нөмір сатып алған 67 көлік жүргізушісі тіркеліп, оның бағасы  22 миллион теңгені құраған.

Әдетте VIP нөмірлерді қымбат көлік иелері алады. Алайда, Мерседес Бенц-180 және Lada көлігі үшін де қымбат нөмір алғаны белгілі болды.

Талқылау