Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да ұялы байланыс трафигін ұрлап, операторларды қан қақсатқан жігіт ұсталды (фото)

Петропавлда 25 жастағы жігіттің пәтерінен GSM-шлюз, ұялы телефондар, 4800 SIM-карта, ақша аударылғаны туралы түбіртектер табылған. Тұрғын ұялы байланыс трафигін ұрлады деп күдікке ілінуде.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Олар мұның тек өңір үшін ғана емес, Қазақстан үшін де сирек жағдай екенін айтты.

Фото: ІІД

Осы жылдың көктемінде полицияға шағымданған ұялы байланыс оператор-компаниясы белгісіз біреулердің ұялы байланыс трафигін ұрлап жүргенін айтыпты. Болжанғандай ұрлықты бағдарламалау мен техникадан хабары бар адамдар іске асырған. Аталған факті бойынша сот алды тексерісі жүргізіліп жатыр.

“Ұялы байланыс трафигі арнайы техникалық құрылғының көмегімен, ерекше тәртіп сақтай отыра жүргізіледі,” – дейді полиция полковнигі Михаил Шачнев.

Кейін қаладағы пәтерлердің бірінен GSM-аппараты табылып, дереу пәтер иесі еш жерде жұмыс істемейтін, жоғары техникалық білімі бар 25 жастағы жігіт ұсталған.

“Тексеру барысында GSM-шлюз, әртүрлі моделдегі ұялы телефондар, модем, роутер, 4800-ден астам пайдаланылған және жаңа SIM-карталар, ақша төленгені туралы түбіртектер, антенна, ноутбук, микрожобалар тәркіленді”, – деді Шачнев.

Тағы да оқыңыз:

Елдегі бензин тапшылығы Еркенің хитінің мақамымен әзіл әнге айналды

Ресейде қазақстандық автобус пен пойыз соқтығысқан жерде түсірілген видео жарияланды (видео)

33 жастағы келіншек пластикалық ота арқылы сұлуланған соң өзіне қалталы күйеу іздемек

Эксперимент: Күйеуім бар деп алдаған қыз балгердің өтірігін әшкере қылды (фото)

Талқылау