Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да шекарашылар елік атқан мас аңшыны ұстады

Петропавловск шекара отрядына қарасты «Якуш» шекара заставасының шекара наряды (Қазақстан – Ресей шекарасы) кеше, 6 қаңтардан 7-сіне қараған түні, сағат 02.20 шамасында Шекараға жақын жерден 40 жастағы (ешқандай құжаты жоқ) қазақстандықты ұстады.

photo_11882

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінен хабарлады.

Ішімдік ішкен ол «Мицубиси Монтеро» автокөлігімен аңға шыққан. Автокөлікті тексеру барысында шекарашылар жаңа ғана сойылған еліктің етін тапты. Шекарашылар тоқтатқан кезде ол мылтығын лақтырып үлгерген. Автокөліктен бірнеше метр жерден 5,6 калибрлы ТОЗ-8 карабины да табылды.

Шекарашылар бұдан әрі қарай Солтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғатты қорғау инспекторы мен жол полициясы, Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін шақырып, ұсталған азаматты тапсырды.

 

Талқылау