СҚО-да мас күйінде шу шығарған білім бөлімінің бас маманы жұмыстан қуылды

Сейсенбі, 19 Сәуір , 2016 13:14

Солтүстік Қазақстан облысындағы аудандық білім бөлімінің бас маманы қаладағы кафелердің біріндегі ішімдік ішіп алып жүрген тәртіпсіздігінен кейін қызметінен босатылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

1445596805_kushva

Сурет newinform.com

Есіл аудандық прокуратурасы тексеру кезінде ҚР “мемлекеттік қызмет туралы” заңы мен ҚР мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодекксі нормаларының өрескел бұзылғанын анықтаған.

Есіл аудандық білім бөлімінің бас маманы Бектасов 2016 жылдың 14 қаңтарында үйінде спирттік ішімдіктер ішкен. Мас күйде болса да, Явленка ауылындағы “Түркістан” ойын-сауық орталығына кіреді. Сол жерде де ішуді одан әрі жалғастыра береді. Сондай-ақ, ол кафе қызметкерлеріне бейәдеп сөздер айтып, тіл тигізген. Тіпті екі даяшыға қол жұмсап, жарақат салған.

Сол арада кафе қызметкерлері полицей шақырады. Даяшылардың біреуі алған жарақатына байланысты дәрігер көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

“Т.С. Бектасовтың әрекеті мемлекеттік моральдық-этикалық талаптарына жауап бере алмайды. Ол осы жағымсыз қылығы арқылы ҚР мемелкеттік қызметкерлерінің этикалық кодексінен аттап өтіп, мемлекеттік қызметті атқарушы адамдардың атына кір келтірді”, – делінген хабарламада.

Есіл аудандық білім бөлімі басшысының бұйрығымен Бектасов қызметінен аластатылды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар