Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да көктайғақтан болған жол апатынан ерлі-зайыптылар бірге қаза тапты

Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев ауылының маңындағы тас жолда екі адам ажал құшты деп хабарланды әлеуметтік желілерде.

20161025161202

Куәгерлер жариялаған фотода оқиға орнында өрт сөндіру көлігі мен жүк көліктер тұрғанын байқауға болады. Куәгер атап өткендей, екі адам қаза тапты. Бейресми деректерге сәйке, көлік КамАЗ-ға соғылған.

Ерлі-зайыпты алынған жарақаттар салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Куәгерлер жолдағы көктайғақ туралы атап өтті.

«Жол-көлік оқиғасы «Челябі-Новосібір» тас жолының 606-шы шақырымында орын алды.   «Форд» және «КамАЗ» көліктерінің соқтығысуы салдарынан шетелдік көліктің 63 жастағы жүргізушісі мен оның 58 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.  Алдын ала нұсқа бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі көктайғақпен жазғы доңғалақпен жүріп келе жатып, көлікті дұрыс басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында апат себептері мен жағдайлары анықталып жатыр», – деді СҚО ІІД баспасөз қызметінде.

Жіберіп алмаңыз:

65 жастағы қазақстандық әлемнің төрт дүркін чемпионын жеңіп «алтынға» ие болды

Мұхамедиұлы: Жаныбеков арадағы «джентельмендік келісімді» орындай алмады

“Астана аруы-2016” атағына үміткер қыздар (фото)

СҚО облысы әкімінің сұрауы премьер-министрдің күлкісін келтірді

Талқылау