Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да қарттар үйінен қуылған мүгедектер түтінге тұншығып қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысында жер үйден шыққан өрт үш адамның өмірін жалмады. Түтінге тұншығып, ажал құшқандардың барлығы мүгедектер. Олар жуырда ғана Смирнов елді мекеніндегі қарттар үйінен қуылыпты.

 ортенген уй

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Өртеніп кеткен баспананы 40 жастағы келіншек жалға алған екен. Онымен бірге бұл үйде екі ер адам тұрған. Бәрі Смирнов қарттар мен мүгедектер үйінен ұдайы арақ ішкені үшін шығарылыпты. Үй иесі және 40 жастағы ер адамның қай жері ауырғаны әзірге белгісіз, ал олармен бірге қаза тапқан 60-тағы еркектің аяғы болмаған. Үшеуі де түтінге тұншығып өлді. Мамандар өрт темекі тұқылынан шыққан болуы мүмкін деп отыр.

«Көршілері оларды маскүнемдер деп отыр. Оқиға болған күні кешке де үшеуі бірлесіп арақ ішкен. Қазір өрттің нақты себебі мен келген шығын көлемін анықтап жатырмыз»,- СҚО ТЖД басқарма бастығы Біржан Керімов

Талқылау