Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да екі жігіт соғыс ардагерін ұрып өлтіріп кетті

Солтүстік Қазақстан облысында араққа сылқия тойған ауылдың екі тұрғыны екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерді ұрып өлтіріп, теледидары мен 16 мың теңгесін алып кеткен. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Безымянный

Сурет mzsr.gov.kz

Баспасөз баяндамасында мәлімдегендей, Мағжан Жұмабаев аудандық ІІБ қызметкерлері 89 жастағы Полтавка ауылының тұрғынына жасалған қастандық негізіндегі өлім фактісіне байланысты тергеу-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталған.

“Үйінде жалғыз тұратын зейнеткерге ауылдас екі жігіт мас күйде келіп оның мүліктерін тартып алмақшы болған. Олар ардагерді ұрып-соғып теледидары мен 16 мың теңгесін алып, такси арқылы аудан орталығына кетіп қалған. Дене жарақаттарының әсерінен зейнеткер оқиға орынында қайтыс болған”, – деп ақпарат таратты ІІД.

Қазіргі кезде күдікті екеу тергеу изоляторында отыр.

“Іс бойынша зерттеу жүргізіліп, сараптама бекітілді. Сотқа дейінгі зерттеу ҚР ҚК 99 бабының 2 тармағы бойынша жүзеге асырылуда. Кінәсі дәлелденсе күдікті екеуі 15-20 жыл аралығында бас бостандығынан, тіпті өмір бойғы бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін”, – делінген хабарламада.

Талқылау