Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да егде жастағы ерлі-зайыптыларды қастандықпен өлтіргендер сотталды

Петропавлда Мамлют ауданындағы ерлі-зайыпты Стрельцовтарды өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. Сотталушылар – олардың үш ауылдасы, соның ішінде екеуі кәмелеттік жасқа жетпеген азаматтар.

photo_3417

Сурет: tengrinews.kz 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Стрельцовтар отбасының өлтірілуі туралы жаңалық бүкіл Солтүстік Қазақстан облысын дүр сілкіндірді. Мамлютка қаласында ауылдың үш тұрғыны ерлі-зайыптыларды қастандықпен өлтіріп, денелерін құдыққа лақтырып жіберді. Қылмыскерлер олардың бастарын металл заттарымен көп рет соққы тигізген.

Қылмыс жасағаннан кейін олар тіпті ерлі-зайыптылардың үйінде қан іздерін жасырмақ болған. Қаскүнемдер ерлі-зайыптыларды өлтіріп, үйден 300 мың теңге алып кеткен. Айта кетейік, олардың екеуі – кәмелеттік жасқа жетпеген ағайынды Майерлер. Енді барлығы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтейтін болады.

«Сот Виктор Трохишин айыпты деп танылсын. Оған қатаң режимдегі түзеу абақтысында 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілсін», – деді СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Сергей Викторенко.

Ал ағайынды Андрей мен Денис Майер жалпы режимдегі тәрбиелеу абақтысында 10 және 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сондай-ақ сотталушылар 2 млн. теңге көлеміндегі моральдық және 251 мың теңге материалдық шығынды өтеуі тиіс.

Петр мен Варвара Стрельцовтардың шаңырақ құрғандарына 60 жылдан асқан. Олар төрт бала өсіріп, 11 немере және 7 шөбере сүйген жұп болған.

Талқылау