Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да азаматтарды тегін емдейтін тіс кабинеті ашылды

Солтүстік Қазақстан облысының Явленка ауылында стоматология ашылды. Ерлі-зайыпты Валентин мен Ирина «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының тиімді шарттарын пайдаланып, өз істерін қолға алған. Тіс емдеу кабинеті енді мемлекеттік тапсырыс бойынша науқастарға тегін қызмет көрсете алады.

дәрігеррр

Бұл туралы 24.kz жазған.

Бұл – Ұлт жоспарында көрсетілген жекеменшік медицинаны дамыту бойынша жүзеге асатын жұмыс. Елена Корпичтің «стоматолог» десе, төбе шашы тік тұратын. Тісі солқылдап ауырып, мазасы кеткен келіншек ақыры дәрігердің көмегіне жүгінді.

«Бұған дейін тіс дәрігерлерінен қатты қорқатын едім. Бүгін бойымды билеген үрейден біржолата арылдым. Мұнда мені мұқият қарап, тиісті ем-дом жасады. Ең бастысы, ауыртпайды»,-дейді Явленка ауылының тұрғыны Елена Корпич.

Бұл – Явленка ауылында ашылған бірінші жекеменшік тіс емдеу кабинеті. Ерлі-зайыпты Валентин мен Ирина «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 12,5 млн теңге несие алып, ісін дөңгелетіп отыр.

«Қалаларда тіс емдеу орталықтары өте көп. Ал ауыл-аймақтарда аз. Тіс емдеу орнын ашуға осы мәселе түрткі болды. Оны мемлекеттің қолдауы арқасында жүзеге асырдық. Жекеменшік медицинаны дамыту Ұлт жоспарының 81-ші қадамында көрініс тапқан болатын. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында осындай 55 емдеу ұйымы бар. Оның 14-і мемлекеттік тапсырыстарды орындайды»,-дейді тіс дәрігері Валентин Гнилозуб.

Талқылау