Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да алаяқтың арбауына түскен зейнеткер соңғы ақшасынан айырылды

Петропавл қаласының 85 жастағы тұрғыны өзін әлеуметтік қызметкер боламын деп таныстырған айлакердің арбауына түсіп, 300 мың теңгесінен айырылды.

b5626d44ebb76e698ea13d9497edcdc90401cfb1_903

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қарияның жалғыз тұрып жатқанын көрген әйел азаматы зейнеткерді алдап, бірден оның сеніміне кірген. Яғни алаяқ қарт әжейге заң бойынша үстіміздегі жылдың мамыр айында ескі қағаз банкноталары жаңаларына ауыстырылытынын айтып, оның қаражатының сериясы мен нөмірлерін жазып алып, қолды еткен.

Ал тыл ардагері болса, бірден полицияға хабарласып мән-жайды түсіндіріпті. Бүгінде алаяқтың фотороботы жасалынып, оның жас шамасы 25-30-да екендігі анықталады. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары бұл осымен жыл басынан бері зейнеткерлерді алдаудың үшінші фактісі екендігін айтып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін де алаяқтардың зейнеткерлерге жалған ақша беріп, қомақты қаржысын жымқырғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау