Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да алаяқтар зейнеткерлерге жалған ақша беріп, қомақты қаржыларын жымқырып кеткен

СҚО-да полицейлер зейнеткерлерді алдап соққан алаяқтарды іздестіріп жатыр. Бұл туралы аймақтық ІІД баспсөз қызметі Динара Сағандықова мәлімдейді, – деп хабаралайды Қазақстан жаңалықтары.

D53C2DDA-A4B1-492E-AF62-D5E7B7288889_cx0_cy2_cw0_w900_r1_s_r1

Сурет rus.azattyq.mobi сайтынан алынды.

Оның мәліметінше, екі әйел өздерін әкімшілік әлде әлеуметтік қызметкерлер ретінде таныстырып, зейнет жасындағыларды ақшалардың айналымнан шығатынын, оларды жаңасына ауыстыру керектігін айтып алдаған.

«Алаяқтар Мағжан Жұмабаев ауданының 75 жастағы зейнеткер әжесін осылайша алдап кеткен. Оларға сенген әжей 140 мың теңгесін жалған 10 мың және 5 мыңдықтарға айырбастаған. Олар кеткен соң ғана, әже көршілері мен ұлына айтып, оның жалған ақшалар екенінен көзі жеткен. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – дейді Сағандықова.

Дәл осындай жағдай Петропавловсте болған. Ол кезде зейнеткер алаяқтарыдың қолына 350 мың теңгесін ұстатқан еді.
2015 жылы 28 қарашасында ҚР Ұлттық Банк басшылығымен 2006 жылы шыққан 2000, 5000, 10000 теңгелік номинал үлгілерін 2016 жылдың 3 қазанына дейін біртіндеп айналымнан шығармақшы екенін мәлімдеген. Ол уақытқа дейін бұл номиналдар заңды болып саналады. Және 2016 жылдың 4 қазанынан бастап, 2017 жылдың 3 қазанына дейін оны кез келген екінші дәрежелі банкте ауыстырып алуға болады.

Ал, қалған ақша үлгілері 2020 жылдың 3 қазанына дейін кез келген Ұлттық банк бөлімшелерінде қабылданатын болады.

2020 жылдың 4 қазанына дейін банкноттар жарамсыз болып табылады. Жоғарыда аталған номиналдарды айырбастау тегін жүргізіледі.

Талқылау