Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да әкім болғанын орманда тойлатқан шенді қызметінен босатылды

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Амангелді ауылдық округі әкімі Дәурен Шакенов жұмыс уақытында жаңа қызметін атап өткені үшін босатылды.

Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы Есіл ауданының басшысы Мұратбек Абишев  этика кеңесі отырысында айтты.

Ол қарамағындағы қызметкерерге дастарханын жинатып, той болған жерді тазалатқан.

“Шакенов жұмыстан 21 қарашада арнайы тексеру кезінде босатылды. СҚО  ҰҚК департаменті Шакеновтің жалған диплом қолданғанын да анықтаған. Іс Есіл аудандық ІІД тапсырылды ”, – деді Абишев.

Аудан әкімі анықталған деректер бойынша түсініктеме беруден бас тартқан.

Сонымен қоса кеңес отырысында әкімнің әлеуметтік желідегі суреттері де талқыланды. “Бұл оның жұмыс үстелі. Ондағы бөтелкеде сыра бар сияқты”, – деді мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев.

Анықталған оқиғалардан кейін кеңес мүшелері облыс әкіміне хат жазуға шешім қабылдады. Сонымен қоса, олар Есіл ауданы әкімінің орынбасарына қарсы тәртіптік іс қозғауды жоспарлады. Ол қызметтік көлікті жұмыс уақытынан тыс кезде де пайдаланған.


Еске сала кетейік, 2017 жылдың 31 тамызында Амангелді ауылдық округі әкімі жұмыс уақытында жаңа қызметке келуін атап өткен еді. Талапкер ауылының маңындағы орманда киіз үй тігіп, дастархан жайды. Әкімнің қол астындағы қызметкерлер дастархан жинап, сол жерді тазалағаны да белгілі болды.

Заң бұзушылықты жасыру мақсатында тойлатқан күнді мерекедегі демалыс кезінде болды деп түсініктеме жазған. Ол аталған құқық бұзушылықтарға қатысты берген түсініктемелерін бірнеше рет өзгертті.

Этика кеңесінің отырысында Есіл ауданы әкімінің аппаратын басқаруға қатысты тәртіптік іс қаралды.

Тағы оқыңыз: 

Ұлыбританияда жүрегі денесінің сыртында орналасқан нәресте туылды

Жаңаөзенде көпқабатты үйдің едені опырылып түсті

Ғалымдар қатерлі ісіктен арылудың жолдарын зерттейтін гидрогель ойлап тапты

Қазақстанда электронды виза енгізіледі

Талқылау