Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО әкімі Жанат Жақияновты 1 млн. теңге ақшалай сыйлықпен марапаттады

СҚО облысының әкімі Ерік Сұлтанов белгілі боксшы Жанат Жақияновты кәсіпқой бокшылар арасында WBA тұжырымдамасы бойынша Әлем чемпионатындағы титулдық жекпе-жекте қол жеткізген жеңісімен құттықтап, спортшыны Алғыс хат және 1 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапаттады.

бокс

Бұл туралы STAN.KZ  хабарлайды.

«Жанаттың жеңісі өскелең ұрпақ үшін үлгі болып, алдағы уақытта спорт олимпіне солтүстікқазақстандық жаңа чемпиондар көтерілетініне сенімдімін», – деді Ерік Сұлтанов.

Жанат Жақиянов облыс әкімдігіне спортқа көрсетіп отырған қолдауы үшін алғысын білдірді.

«Облысымызда Спорт сарайы ашылған кезде мен Англияда болған едім. Бұл оқиғаның болашақ спортшыларды тәрбиелеу ісінде ерекше мәні бар екеніне сенімдімін», – деп атап өтті Жанат Жақиянов.

Жанат Жақиянов – ҚР-ның бокстан спорт шебері, қазіргі кәсіпқой боксшы. Кәсіби рингте 27 жекпе-жек өткізіп, соның 26-сын жеңіспен, 18-ін нокаутпен аяқтаған. 2010 жылы кәсіпқой спортшылар арасында WBC тұжырымдамасы бойынша Азия чемпионы белдігіне ие болды. 2014 жылы – кәсіпқой боксшылар арасында ЕВU тұжырымдамасы бойынша Еуропа чемпионы атанып, титулдық жекпе-жекте WBС тұжырымдамасы бойынша Еуразия чемпионы белдігін жеңіп алған. 2015 жылы – WBA International тұжырымдамасы бойынша Әлемнің интерқұрлықтық чемпионы титулының иегері.

Талқылау