Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО әкімі Петропавлдың атауы өзгермейтінін мәлімдеді

Астанада Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдың және бүкіл өңірдің атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді.

СҚО әкімі Петропавлдың атауы өзгермейтінін мәлімдеді

Бұл туралы Петропавловск.news порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Құмар Ақсақалов Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының атауы өзгермейтінін  мәлімдеді.

«Петропавл мен облыстың атауын өзгерту керектігі туралы әңгімелерді жиі естимін. Кейбір адамдар осы мәселе туралы айтады. Оларды естіп жатырмын. Алайда бүгінде атауын өзгертуге қатысты жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Менің ойымша, оған әлі ерте», – дейді облыс басшысы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау