Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО әкімі актриса Самал Еслямоваға Петропавлдан пәтер сыйлады (фото)

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов таяуда өткен Канн фестивалінде сыйлыққа ие болған актриса Самал Еслямоваға пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды СҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Самал Еслямова

Сурет: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 24 мамырда, облыстық әкімдікте актрисамен кездесу өтті. Онда Самал Еслямованың туыстры, мұғалімдері, актриса оқыған өнер колледжінің студенттері жиналды.

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Самалдың тек Солтүстік Қазақстанның емес, бүкіл мемлекеттің мақтанышы екенін атап өтті.

СҚО әкімі актриса Самал Еслямоваға Петропавлдан пәтер сыйлады (фото)

«Біздің мемлекеттегі және ТМД мемлекеттеріндегі ешбір актер мұндай жоғары сыйлықты иеленген емес. Сіздің фильм режиссері Сергей Дворцевпен бірлесе жасаған жұмысыңыз еліміздегі кино индустриясын дамыту және дәріптеу саласында өскелең ұрпаққа үлгі болып табылады. Айта кетсек, режиссер Сергей Дворцев те – Қазақстан тумасы», – деді Құмар Ақсақалов.

СҚО әкімі актриса Самал Еслямоваға Петропавлдан пәтер сыйлады (фото)

Өз кезегінде актриса өңір басшысы мен жиылған көпшілікке алғыс білдірді.

«Мен ата-анама, мұғалімдеріме және қуанышыммен бөліске солтүстік қазақстандықтарға алғыс білдіремін. Өз үйіңде болу – ерекше сезім… Мен өте бақыттымын», – дейді Еслямова.

СҚО әкімі актриса Самал Еслямоваға Петропавлдан пәтер сыйлады (фото)

Естеріңізге сала кетсек, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Самал Еслямова Канн фестивалінде режиссер Сергея Дворцевтің «Айка» фильміндегі ең үздік әйел рөлі үшін сыйлыққа ие болды.

Оқи отырыңыз:

Динара Сұлтан: Бесінші баладан кейін артық салмақтан арыла алмай жүрмін

Қыздарының қырқынан шығару рәсімін қарапайым етіп өткізген Бүркіт пен Аиша жұртты тәнті етті (фото, видео)

Қарақат Әбілдина босанғаннан кейін дене сымбатын қалай қалыпқа келтіріп алғанын айтты

Песни” шоуына қатысып жатқан Назима Тиматимен дуэт орындайды

Талқылау