Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сізге үйленгісі келмейтін жігіттің 10 белгісі

Сіз өмірлік серігіңізді таптым деп ойлап, одан романтикалық ұсыныс күтіп жүрсіз бе? Ал ол осы ұсынысты жасауға асығып жүр ме? Бәлкім оның отбасында бір қиындықтар болып жатқан шығар? Бәлкім бар мәселе сізде болар? Олай болса, назарларыңызға сізге алдағы уақытта тұрмысқа шығуға ұсыныс жасамайтын жігіттің 10 белгісін ұсынамыз.

prop

1. Ол сіздің сауалдарыңызға жауап беруден бас тартады

Сіз болашақтарыңызға қатысты сұрақ қойған кезде, ол жауаптан жалтарады. Бұл оның отбасылық өмірге дайын еместігін білдіреді. Сол себепті, уақытыңызды құртпаңыз.

2. Ол сізбен бірге тұрғысы келмейді

Әрине, қазақы тәрбиеміз бен дәстүрлерімізге ғашықтардың азаматтық некеде тұруы жат. Мұны көбісі тәрбиесіздікке балайды. Алайда, отбасын құрмастан бір шаңырақ астында тұрып жатқан қыз-жігіттердің бар екенін мойындауымыз керек. Сізге ұсыныс жасағысы келмейтін жігіт бір шаңырақ астында тұрудан түбегейлі бас тартады. Пәтерге ақшасы жетпесе де, жалғыз немесе басқа адамдармен тұруды жөн көреді.

3. Ол онсыз да қарым-қатынастарыңыздың дұрыс өрбіп келе жатқанын айтады

Ол осы сөздерімен бұдан артығын сұрамауыңызды меңзейді. Егер ол отбасы немесе той туралы сөз қозғамаса, оған бойдақ өмірі көбірек ұнағаны.

4. Ол балалы болуға асықпайтынын айтады

Кез келген еркек балалы болуды армандайды деп айта алмаймыз. Жалпы ғашықтар арасында бала туралы әңгіменің қозғалмауы оның отбасын құруға құлқы жоқ екенін білдіреді.

5. Сіздердің ортақ бюджеттеріңіз жоқ. Оның ақшасын қайда жұмсайтынын білмейсіз

Әрине, ер азамат қызының алдында есеп беруге міндетті емес. Бірақ, ол жүріп жүрген қызын болашақ әйелі ретінде көрсе, оған табысы туралы айтып отырады.

6. Ол сізбен бірігіп зат сатып алмайды

Бұл оның айырылысқан жағдайда сізге қарыз болып қалғысы келмейтінін білдіреді.

7. Оған достарының шетінен бойдақ өмірімен қош айтысып жатқаны ұнамайды

Достарының бірі үйленетінін айтқан кезде, ол “О, жоқ! Біз сені жоғалттық. Енді күнде әйеліңнің ызыңдаған ұрысын еститін боласың” деп жауап береді. Яғни, бұл жігіт сізге ғана емес, жалпы үйленуге қарсы.

8. Ол сізді қасына алып жүргенімен, қызы екеніңізді айтпайды

Ол жігіт сізге көп уақытын арнап, бірге тұруы да мүмкін. Бірақ, ел алдына сізді жарқыратып алып шықпаса, сізді өзіне лайық көрмейтін болғаны.

9. Ол ұсыныс жасамайды

Жыл сайын туған күніңізге немесе танысқан күндеріңізде осы ұсынысты асыға күтесіз. Бірақ, жігіт тарапынан ұсыныс айтылмайды. Сізді ренжітіп алсақ кешірім сұраймыз, ары қарай ұсынысты күткеннен түк шықпайды.

10. Қарым-қатынастарыңыз туралы айналадағылар білгенімен, ол той күнін белгілемеді

Кей жұп қарым-қатынастарын жария етіп бірнеше жыл бойы жүре беруі мүмкін. Бәлкім жігіт райынан қайтып қалған шығар?!

Әрине, бес саусақ бірдей емес. Бір жігіт ұялғанынан, өзіне деген сенімінің жетіспегенінен ұсыныс жасамай жүре беруі мүмкін. Десе де, жігіттер жүріп жүрген қызына үйлену туралы шешімді бастапқы екі айда қабылдап қояды. Егер қарым-қатынастарыңыз 5 жылға таяп қалса, оның тарапынан ұсыныс болмаса, сүйіктіңізді босатқаныңыз жөн. Бұл психологтардың пікірі. Ал соңғы шешімді сіз қабылдайсыз. Дұрыс таңдау жасауыңызға шын жүректен тілектеспіз. “Сүйгенді сүй, сүймегенге жалынба” деп бекер айтпаса керек.


Жіберіп алмаңыз:

Санасы сау еркектің 10 белгісі

Алматы облысында жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған келіншек кешірім сұрады

Таразда сегіз жастағы қызды зорлаған азғынға қатысты сот үкімі шықты

Сәбиді шапалақпен аямай сабаған әйел Өзбекстаннан табылды

Талқылау