Қазақстандықтар қандай затын тегін беруге әзір?

Жұма, 26 Ақпан , 2016 16:40

Сіз үйде керек емес деп санаған затыңыз өзге біреуге ауадай  болмаса да, қажет болуы әбден мүмкін. Қазір көпшілік  тұрмыстық көне, бірақ жарамды заттарын шатырда немесе ауладағы қоймаларда сақтаудың орнына қажетті адамға беруді жөн көреді. OLX сайты өзінің хабарландыру жүйесіне «тегін беремін» бөлімін ашып, азаматтардың қандай заттарды су тегін беруге әзір екенін байқап көрді.

599540145

Адамдар тегін затты түрлі жағдайға орай таратады екен. Мысалы, кей азаматтар заман талабына сай барлық затты жиі жаңартып тұруды ұнатады. Тағі біреу үйінде текке тұрған затты  өзге азаматтың пайдасына жарасын деген оймен тегін береді. Одан блек кәдеге жарамды болғанымен оны сатуға тұрмайтын тұрмыстық техникалар болады. Олардың қатарында күтімді қажет ететін түрлі жануарлар мен құстар да бар. Үй жиһазы мен балалар ойыншығы, киімі тағы бар.

OLX сайтында алты мыңға жуық зат «тегін беремін» бөліміне тіркелген. Ол бөлімге ең көп тауар қоятын Алматы, Ақмола, Қарағанды, ШҚО халқы екен. Осындай тауарлардың ішіндегі ең қызықты тегін заттарға тоқталсақ.

Сайтты қолданушының бірі жер үйде тұратын адамға бүркіт құсын тегін беретінін жазған. Әрине дала құсына айтарлықтай күтіммен, белгілі тәртіп бойынша тамақтандыру қажет болады. Оны ауырсынатындарға екі бірдей тоты құсы ұсынылады. Торымен дайын  тұрған құсты үйіңізге алып, тамақтандырып әрі қызықтай берсеңіз болады.

Тағы бір азамат бөлмеде асырауға болатын ұлуды тегін беретінін хабарлаған. Ол сондай-ақ ұлудың жақсы қожайынның қолына ертерек өтуін қалағандай оны бағудың қиындығы жоқ екенін де жазған. Ұлудың қожайыны  бұл жәндікті бағудың бір тиімді әрі қойлайлы тұсы ит сияқты аулада қыдыртудың қажеті жоқ дейді.

Күн жылынған сайын қалың киімдерді сақтап. орын бөлуге қимайтын қолданушы баскиімді  бір бөтелке сусабынға айырбастайтынын жазған.

Тағы бір азамат  пальто мен костюм үшін бір қорап шоколад берсеңіз жетеді деп жазыпты.

Көптеген әйел адамдар балалардың киімін біл литр алма шырынына айырбастайтындарын жазады. Балалардың киімі таза әрі тағы біраз қолдануға болғанымен оның бірінші иесі тез өсіп кететіні тағы бар.

Тағы бір сайт қолданушысы велосипедке арналған аяқ киім мен конькиін тегін беретінін жазыпты.

Тағы бір кісі үйінде қолданусыз тұрған пианиноны тегін беретінін жазған. Оның талабы, болашақ қожайын өзі алып кетсе екен дейді.

Бір азамат қонақ күтетін бөлмесіндегі жиһаздарды саяжайына алып кетемін деуші болса хабарлассын дейді.

Көнерген заттарын өзгеге тегін берген азамат тек қана өзін жақсы сезініп қоймай, өзгеге үлкен көмегін тигізеді. Себебі шаң басып тұрған зат келесі біреудің кәдесіне жарап, көптен іздеген заты болып шығуы әбден  мүмкін. Сондықтан жарамды затты қоқысқа тастауға асықпаңыз, уақыты келіп ол затты іздеп жүрген екінші иесі  тауылып қалуы мүмкін.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар