Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сіздің көпұлтты елде өскеніңіздің 10 белгісі

Қазақстанда 1 мамыр – еліміздегі  барлық халықтың келісімі мен символына айналған Бірлігі күні ретінде тойланады.

Безымянный

Stan.kz сайты әр халықтың мәдениетін тани жүріп, көпұлтты мемлекетте өмір сүрудің кереметтігі жөнінде материал дайындаған болатын.

Біздер, қазақстандықтар, қандай халықпыз?

борщ-баурсаки

Біздің ойымызша, бауырсақтарды борщпен жеген дәмді болады. Ал, жылқы біз үшін әдемі жануар ғана емес, дәмді тағам саналады.

чай

Біз шай ішпесек тұра алмаймыз. Шайды лимонмен де, сүтпен де іше береміз. Тіпті, суықта да, ыстықта да шай ішеміз. Шайды көпшілікпен де, жалғыз өзіміз болып та ішуден бас тартпаймыз. Қысқасы, шай ішпей жүре алмаймыз.

плов-лагман

Біз ұйғырдың лағманы, өзбектің палауы, кавказдық кәуәп пен корейлік сәбіз салатының қандай болатынны білеміз.

82

Біздің достарымыздың арасында міндетті түрде корей ұлтының адамы болады.

pasha

Біз өзіміз будда дінінің азаматы болсақ та, мұсылман және христиан дінінің мерекелерін шын ықыласымызбен атап өтеміз.

wpid-Novyiy-god-v-Turtsii-0

Біз Жаңа жылды да қарсы аламыз, ай күнтізбесі бойынша жаңа жылды да атап өтіп, Наурыз мейрамын тойлаймыз.

33147499baf88d65a5d4fb136472a961

Ауырып қалған жағдайда, достарымыз бізге иттің етін жеу, араққа бұрыш қосып ішу, банка қою, қойдың құйрық майын жағу сынды әр ұлттың халықтық еміне кеңес береді.

1392917628_1

Біз әр елдің қалай ұрысатыннын жақсы білеміз. Бірақ, орысша балағаттағанды жақсы көреміз.

стол

Үйімізге қонақ келсе дастарханынымыз асқа толады. Және қонақтарымыз біз дайындаған барлық тамақты жеу керек деп ойлаймыз. Тамақтанып болған соң, тортпен шай ішеміз.

pCc8CTGQCZk

Қонақтарымызға сарқыт беруді ұмытпаймыз. Тәтті болсын, жемістер болсын, әйтеуір меймандарды құр қол қайтармаймыз.

Талқылау