Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сізді өлердей сүйемін, Тұрсынбек аға: Қабатовқа ән арнаған бойжеткен өз әрекетін түсіндірді

“Өз ойым” бағдарламасының 2019 жылғы алғашқы эфирінде соңғы кезде қазақ эстрадасында шырқалып жүрген әндер жайлы болды. Әннің “хитке” айналуы сөзіне байланысты ма, әлде әуеніне ме деген сауал көрермендерге қойылды. Тікелей эфир барысында әсіресе рэп орындаушылары басты назарда болды. Бағдарламаға келген Сәнім Албосынова да 18 жасында танымал болу үшін “Тұрсынбек пен Заттыбек, Сәнім Сіздерді сүйеді” атты әнін орындаған, деп жазады Stan.kz.

Сізді өлердей сүйемін, Тұрсынбек аға: Қабатовқа ән арнаған бойжеткен өз әрекетін түсіндірді

Тректе: “Мен сізді өлердей сүйемін, Тұрсынбек аға. Тұншықтырғым келеді сізді құшағымда”, “Заттыбек аға, сізді де қатты сүйемін, Егер де мені көрсеңіз ғашық боласыз, білемін…” – атты жолдар бар. 17 жасында Тұрсынбек пен Заттыбекке ән арнап, клип түсірген Сәнім өз әрекетін “қалжың” деп түсіндірді.

Ал Сәнімнің күйеуі бүгінде “AshKazakPro” тобының рэпері. Айтуынша, жұбайының “сезімге толы” туындысын ол өзі жазып берген.

“Тұрсынбек аға көрді. Ол кісімен бір бағдарламада жүздестік. Ол кісі комик қой, әзілді түсінеді”, – дейді Сәнімнің жолдасы Шыңғыс.

“AshKazakPro” тобы 2008 жылдары жастар арасында аса танымал болғанын, репертуарында 500-ден аса туынды бар екенін мәлім етті. Алайда көреремендердің басым көпшілігі оларды танымайтындығын айтты.

Сізді өлердей сүйемін, Тұрсынбек аға: Қабатовқа ән арнаған бойжеткен өз әрекетін түсіндірді

“Менде 16 шақты альбом бар. Әрқайсысында кемі 25 әннен. Бұл біз азарттық ойын сияқты. Мен жазба ақынмын. Мектеп кезінде өлең жазатынмын, ақын болдым. Кішігірім өлеңдер жазатынмын. Студент кезімде рэпер жігіттермен таныстым. Олар менің өлең жазатынымды біліп, рэп айтып көр деді. Айттым да, сұмдық талантты екенмін ғой дедім”, – деп мақтанды ол.

Эфир барысында ой білдірген аға буын өкілдердері осындай танымалдылық пен атақ, сөзі жеңіл әндердің уақытша екендігін айтты.

“Өтінішім бір-ақ нәрсе, айналайын, жастарға ән арнап жүрген топтар, ұятсыз сөздерді сахнаға шығармаңыздар. Әр қазақ менің жалғызым. Мен бүкіл қазақтың баласын өз балам деп санаймын, бәріне өзімді “әке” ретінде сезінемін. Сол кезде мұңданамын. Кейбір балалардың ата-анасы біз сияқты филолог, журналист емес. Ол айтып жеткізе алмайды. Соның баласы бүлініп қалады.

Біз осы қиын заманнан арбамызды сындырмай, өгізімізді өлтірмей, бәріміз бірге өтуіміз керек. Әйтпесе ертең жұтылып кетеміз”, – деп назын білдірді ақын Серікзат Дүйсенғазин.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от “Өз ойым” жаңа ток-шоу (@oz_oiym7)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау