Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сіз байсыз ба, бұрынғының ханысыз ба?": Қостанай облысында қызметкерін балағаттаған әкімнің ісі қаралды

Қостанай облысында қоластындағы қызметкерді балағаттаған ауыл әкімінің ісі кеңесте қаралды.

akim

Әйек ауылдық округінің әкімі Азамат Бердалинов қоластындағы қызметкері Болат Әбдібековпен бірге көлікпен ауылды аралайды. Ауылдың санитарлық тазалығын тексеру барысында жұмысқа көңілі толмаған ол қызметкерді балағаттай жөнеледі. Бұл сәтті қызметкер таспаға түсіріп алған, деп жазады Алау

Әкімнің бұл әрекеті 29 мамыр күні этика жөніндегі кеңесте қаралды. Шенеунік кінәсін мойындап, Әбдібековтен кешірім сұрады. 

Ауыл округі әкімдігі аппаратының бас маманы Болат Жаманғузов таспаны жазып алғанын, алайда ғаламторға жарияламағанын айтты. Әкімді кешіргенін жеткізді. Алайда туыстары шенеуніктің қызметкерлеріне дөрекі сөйлейтініне қарсы шықты. 

"Сіз байсыз ба, бұрынғының ханысыз ба? Адамды төмендетуге қандай құқығыңыз бар? Басқаша сөзбен жазалауға не бұйыруға болатын еді ғой", - деді Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросының жетекшісі.

Азамат Бердалинов туралы қызметкерлері жақсы пікір айтты. Ұзақ талқыдан кейін әкім орнында қалды. Қызметін толық атқармағаны үшін Таранов ауданына анықтама жіберілді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр