Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви туған күніне сыйланған мейрамхана туралы жаңалыққа ренжіп қалды

Сиви Махмұди интернет бетінде өзі туралы жазылған мақалалардың біріне ренішін білдірді.

15048222_358103651204533_4778478135609917440_n

Фото: instagram.com/sivi_makhmudi/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын Сиви Махмұди өзінің туған күнін дүркіретіп тойлады. Әнші өзінің туысқандары мен достарының басын жаңа мейрамханасында қосты. Оны құттықтауға Ринат Басит, Шерәлі, Мақпал Жүнісова сынды өнердегі достары келді.

Сүйіктісі оған 1001 раушан гүлі мен су жаңа көлік сыйлады. Бұдан өзге Сиви жаңа лаундж бар ашқанын айтып қалды. Көпшілік аталған мейрамхананы оған сыйлыққа тарту етті деп ойлады. Тіпті, басылымдардың бірінде “Сиви Махмұдидің туған күніне мейрамхана сыйланды” деген тақырыппен мақала жазылды. Алайда бұл мақала әншіге ұнамай қалды. Аталған лаундж барды өз қаражатына, өз еңбегімен ашқанын мәлімдеді.

фыу

“Nur.kz, маған ешкім мейрамхана сыйлаған жоқ. Оны 15 күннің ішінде өз еңбегіммен аштым! Әрлеу жұмыстарын да өзім жасадым. Мен осылайша өзіме сыйлық жасадым”, – дейді Сиви Махмұди. Әзірге әншінің бұл реніші журналистердің құлағына жетпесе керек. Мақаланың тақырыбы өзгертілмеген.


Жіберіп алмаңыз:

Жанат Бақыт: Арнада “крышасы мықты” адамдар ғана қалды

Қазақстандық шоу-бизнесте шағала қыздардың бары рас па?

Тәуекел Мүсілім Қытайға барып “үйленді” (видео)

Нұртас Адамбай: Отанымыз бізді керек етпесе, бақытымызды шетелден іздейміз

Талқылау