Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмұдидің Қозы мен Баянға арнаған әні көптің жүрегін елжіретті (видео)

Сиви Махмұхи әнші Айдарбек Рысбекпен бірігіп түсірген бейнебаянының тұсауын кесті. Қос әншінің жаңа туындысы аты аңызға айналған Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға арналған.

сиви 130317

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Махаббат сезімі туралы сыр шертетін бейнебаян Үндістанның Гоа аймағында түсірілген.

Шығыс стилінде жазылған ән де, шетелде түсірілген бейнебаян да тыңдармандардың көңілінен шыққан ұқсайды.

“Күшті клип”, “Сивидің дене сымбаты өте әдемі”, “Маған қатты ұнады, әсіресе Сивидің келбеті”, “Сиви тұрмысқа шыққаннан кейін әйел бақытына бөленіп, қатты өзгердің, балаларың аман болсын, отбасың бақытты болсын, басқалар сияқты емес, бірден бірнеше бала дүниеге әкелдің”, “Клип те, ән де керемет, дауыстары күшті келіп тұр, көк көйлегі күшті”, “Осы әнмен ұйықтап, осы әнмен тұратын болдым ғой, рахмет”, – дейді тамсанған желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмаханның ресейлік олигархпен көңіл қосқаны рас па?

Еркін Нұржанов алғаш рет ұл-қызын көрсетті (фото)

Асхат Тарғын: Асаба екеуіміз достасып, араласып жүрміз

Димаш Қытайдың Чанша қаласында концерт берді (видео)

Талқылау