Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмұди түр-әлпетіне қандай өзгеріс енгізгенін ашып айтты

Сиви Махмұди жас кезінде стилистердің кеңесіне бола мұрнына пластикалық ота жасатпақ болғанын айтты. Мұнымен қатар, ол әріптестеріне танымал болмай тұрып бет-әлпетіне өзгеріс енгізіп алуға кеңес берді.

10832177_327439600781077_1302699207_n

Фото: instagram.com/sivi_makhmudi/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kzАйта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жас кезінде пластикалық ота жасайтын хирургтың алдына Сиви Махмұди де барған екен. Ол дене пішініне емес, бет-әлпетіне өзгеріс енгізгісі келген. Бұл туралы отбасына еш ескертпеген екен. Алайда тура ота жасататын күні райынан қайтып, ойынан бас тартқан.

“Сөздің ашығын айтсам, стилист мамандардың кеңесімен жас кезімде мұрныма пластикалық ота жасатқым келген. Бәрі мені өзбек, түрік, әзірбажан қызы дей берген соң, мұрнымды өзгертіп қазаққа ұқсаймын деп ойладым.

Үйде ешкімге айтпағанмын. Дәл жасататын күні райымнан қайтып, бас тарттым. Уақыт өте келе ұнамайтын жерің өзіңе ұнап кетеді екен. Қазір сол кезде жасатпағаным үшін шүкір деймін. Сондай сәттерде жақсылап ойлану керек”, – дейді Сиви Махмұди.

Әнші күрделі пластикалық ота жасатпаса да, үш баланы дүниеге әкелген соң арнайы косметологиялық процедуралардың көмегіне жүгінген екен. Мұны өзі ашып айтпаса да, жұрт өзгерісті көптен бері байқап келеді.

“Ернімді кішкене жасаттым. (Күлді.) Бірақ жалпы отбасымда барлығымыздың еріндеріміз үлкен. Әкемнің де, анамның да, аға-бауырларымның да”, – дейді ол.

Эстрада жұлдыздарының сұлулығына қатысты құпияларын ашқысы келмейтіндері анық. Бірақ олардың арасында бір күннің ішінде өзгеріп жұртты қайран қалдырғандары да бар. Осыған орай, Сиви Махмұди пластикалық отаны танымал болмай тұрып жасатуға кеңес берді,

“Жасатқан адамдардыкі бірден көрініп тұрады ғой. Өнер жолында көп уақыт жүріп артынша бір күннің ішінде өзгеріп шыға келеді. Менің ойымша, танымал болмай тұрып жасататын жеріңді жасатып алуың керек. Ал бізде әбден танылып болған соң өзгеріп жатады. Қазір халық та ақымақ емес, өзгерісті бірден байқап қояды.

Әріптестерім көбінесе еріндері мен көздерін жасатып, беттерін тарттырады. Арасында күрделі отаның көмегіне жүгінетіндері де жоқ емес. Өзім бетіме ешқандай да ота жасатқан жоқпын. Тұрмысқа шыққан соң қатты арықтап кеттім. Оның үстіне жаспын, қазір жасым 28-де”, – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Сиви Махмұди мектепте жігітке бола қыздарға күш көрсеткенін айтты

Сиви: Қайрат Нұртастың жаңа фильмінде басты рөлді әйелі сомдайды

Мақпал Жүнісова Сиви Махмудидің қызының тұсауын кесті (фото)

Сиви Махмуди бәрін қойып журналистиканы қолға алмақ

Сиви Махмудиге жұбайы қыз бала дүниеге әкелгені үшін $200 мыңның көлігін сыйлады

Талқылау