Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмуди “пластикалық ота жасатқан” деп сынағандарға жауап берді

Күні кеше пластиканың көмегіне жүгінген Луина, өзінің әрекетімен жанкүйерлерінің таңданысын тудырған еді. Ота жасатуға қатысты оның өнердегі әріптестері де өз пікірлерін айтып қалды. Мәселен, Сиви Махмуди әдімі көріну үшін, дәрігер маманының алдына барған ба?

сиви махмуди

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Батыл қадамдарымен әрдайым жұрттың талқысына түсетін Луина, тағы бір ісімен жанкүйерлерінің таңданысын тудырды. Омырауын үлкейту үшін дәрігерлердің көмегіне жүгінген әнші, ота жасатқанын жасырмай желіге жариялаған еді.

Ал, жұлдыздың жанкүйерлерінің бірі Луинаның бұл таңдауын құптаса, қалғандары жағымсыз пікірлерін жаудыра жөнелді.

Әдемілік үшін хирургтың пышағына түскен Луинаның әрекеті жайлы, әнішінің өнердегі әріптестері де өз ойларын ортаға салды.

“Егер де, аруларға жарасатын болса, неге жаңа технологияның көмегіне жүгінбеске. Маған да сырт-келбетімді өзгерту туралы неше түрлі ойлар келеді. Алайда, табиғи сұлулыққа не жетсін”, – дейді Әсел Сәдуақасова.

«Пластикалық ота жасатқансыз ба?». Дәл осы сұрақтан Сиви Махмудидің бүгінде мазасы қашқан.

“Өнер жолында жүргеннен кейін, баршасы ойлап жатады бізді пластиканың күшімен жүр ма деп. Өйткені өнер жолында, көбісі әдемі адамдар болады. Сол үшін бәрі шынайы емес, табиғи емес қолдан жасатылған сұлулық деп ойлайды”, – дейді Сиви.

Алайда, сырт-келбетіне қызығушылық танытқан жанкүйерлеріне, әншінің айтар жауабы мынау:

“Мені көбісі ойлайды жасатқан деп. Бірақ еш жерімді жасатпағам. Мен өнер жолында бұрыннан жүрмін. Бұрыннан бастап видеоларымды қарасаң болады, тек қана айырмашылық толық пен арықтық”, – дейді Сиви.

Жалпы, табиғи түр-тұлғасына, медициналық жолмен өзгеріс жасатқан шоу-бизнес өкілдері баршылық. Бірі батылы барып ашық айтса, екіншісі сыр қылып сақтауды құп көреді!

Тағы оқыңыз: 

Жаныма батып кетті: Дастан Оразбековтің келіншегі отбасын құруға өзі ұсыныс білдірген

Мәдина Сәдуақасова тарихи фильмде қазақ батырының анасын сомдауы мүмкін

Роза Әлқожаның алдағы концертінде марқұм айтыскер Оразалының және өз балалары өнер көрсетеді

10 жыл бұрын: Қайрат пен Жұлдыздың үйлену тойының суреттері жария болды (фото)

Талқылау