Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмұди мектепте жігітке бола қыздарға күш көрсеткенін айтты

Танымал әнші Сиви Махмұди мектеп қабырғасында бұзық болғанын айтады. Ол өзінің өнердегі кумирі Энрике Иглесиаске ұқсайтын сыныптасына ғашық болған екен. Сүйіктісіне көз салған қыздарды оған жолатпай әлек болғанын Сивидің өзі де жасырмайды.

image

Фото: instagram.com/sivi_makhmudi/?hl=ru

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Сиви Махмұди мектеп қабырғасында оқып жүріп сыныптасына қатты ғашық болған. Әлгі сыныптасын егіздер жақсы көрген екен. Десе де, әнші берілмей, әлгі қыздарды аяқпен шалып түрлі бұзықтық жасаған.

“Сыныптасымның жүрегін жаулап алдым десем де болады. Екеуіміз қыз-жігіт болып жүрдік. Мектептегі егіз қыздардың сол жігітті ұнататындарын жақсы білетінмін. Сол үшін жыным шығатын. Бірақ екеуі тым жуас болатын. Салпаңдап ауыздары ашылып жүреді үнемі.

Бір күні қарасам екеуі коридор бойымен келе жатыр екен. Алдыларына білдіртпей аяғымды қойып, шалып қалдым. Екеуі де құлап түсті. (Күлді.) Кейде оларға бірнәрсе лақтырып жіберетін кездерім де болатын. Көзімді алартсам да, өздері түсінбейтін. Үндемей жүріп сондай бәле болатынмын. Сол жігіт қатты ұнаған соң осындай әрекеттерге баруға мәжбүр болдым”, – дейді ессіз ғашық болған Сиви Махмұди.

Алайда мектептегі махаббат үлкен өмірге ұласпаған-ды. Әнші бүгінде сүйіктісімен бірге екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр. Жолдасы үшінші сәбиін дүниеге әкелген кезде әншіге қымбат көйлек сыйлаған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Сиви: Қайрат Нұртастың жаңа фильмінде басты рөлді әйелі сомдайды

Мақпал Жүнісова Сиви Махмудидің қызының тұсауын кесті (фото)

Сиви Махмуди бәрін қойып журналистиканы қолға алмақ

Сиви Махмудиге жұбайы қыз бала дүниеге әкелгені үшін $200 мыңның көлігін сыйлады

Талқылау