Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмуди: Кішкене ашық-шашық стильге ауысып жатырмын

Әнші Сиви Махмуди шығармашылығында біраз уақыттық үзілістен кейін жаңа бейнебаянның түсіріліміне кірісті. Өнер иесі жаңа клипте басты рөлді өзі сомдамақ ниетте. Сиви бір жұмысы арқылы өзін әнші әрі актриса ретінде де көрсеткісі келеді. Бір қызығы, әнші өнердегі бағытын да, сахналық образын да түбегейлі өзгертуге шешім қабылдапты.

сиви махмуди

Бұл туралы Stan.kz 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сивидің айтуынша, жаңаша бағытта жазылған әннің аты – “Сендей жан миллион”.

“Қазіргі заманауи жас жігіттерге арналады, мінездері бөлек қой. Өздерінше, “самооценкалары” мықты, оңайлықпен қыз балаға сөз салғысы келмейді, сындырғысы келмейді, жұмыс істегісі келмейді, сосын “сына” қоймайды. Бұрын қыздарды сындыру қиын еді, қазір керісінше болып кетті. Сен өзінше болма, сендей жан миллион деген сияқты мағынада ғой.

Сценарий бойынша да солай. Бай және кедей жігіт болады. Бай жігіт өзінше болады, маған жекіріп, ұрысып, уақытын бөлмей, “қатайып” жүреді. Ол жігіттен көңілім қалып, қарапайым жігітке ғашық болып қаламын”, – дейді Сиви Анна Данченкоға берген сұхбатында.

Бір қызығы, Сиви эстрададағы бағыты мен сахналық образын түбегейлі өзгерткен. Өнер иесі бұдан былай шығыс стилінде ән орындамайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, әнші заманға лайық стилін де өзгерткен ұқсайды.
“Иә, стилімді өзгертіп жатырмын. Заманға лайық. Бір қалыпта жүре берсең, халыққа қызықсыз болып қаласың. Қолдан келгенше өзгеруге тырысып жатырмын. Енді шығыс әндерін орындамаймын. Жаңа әндер, жаңа образ.

Ең бастысы, жолдасымның көзқарасы. Ол кісі қарсылық білдірген жоқ, кішкене ашық-шашық деген сияқты стилімді өзгертіп жатырмын. Ашыңқырамасаң да болмайды енді. Қатты ашпаймыз енді, сол үшін рұқсатын берді. Түсірілім барысында өзі бастан-аяқ атсалысып жүрді, көрді. Халықтан, әрине қорықтым. Пост жазып, айтып өттім. Халық балағаттап, жаман сөздер жаза ма деп қорқып едім. Бірақ керісінше қолдап жатыр, бірде бір жаман сөз жазған жоқ”, – дейді Сиви.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау