Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмуди бәрін қойып журналистиканы қолға алмақ

Өнер адамдары үшін отбасы мен сахнаны қатар алып жүру өте қиын. Кейде, тіпті, біреусін ғана таңдауларына тура келеді. Әнші, актриса Сиви Махмуди осы екеуінің арасында балаларының бақытын таңдады.

image

Бұл туралы Stan.kz тілшісі хабарлайды.

Өміріндегі өзгерістері туралы сұрағанымызда: “Халық алдына өзім емес, “Саламат”, “Аяла” сынды жобаларым шығып жүр. Айдарбек Рысбекпен де бірігіп жұмыс істеп жатырмыз. Дәл қазір мен камера сыртындағы адаммын. Өзіме қатысты жоспарлар да жоқ емес. Журналистика саласына ауысамын. Ал әзірге бар уақытымды балаларымның тәрбиесіне арнағым келеді”,-деп жұмысқа бүлдіршіндерін біржақты етпейінше кіріспейтінін айтты.

Сиви Махмуди студент кезінде журналистика мамандығы бойынша білім алса да, бұл салада әзірге еш тәжірибесі жоқ.

Талқылау