Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмуди әншілік қабілетіне күмән келтіргендерге жауап берді

Сиви өзінің вокалдық қабілетіне күмән келтіргендерге жауабын берді. Ән салса, сынға ілігетін Махмуди, өзін отандық эстрадада «екінші Алсуға» теңейді. Тіпті, Ресей жұлдызы мен өзінің бойындағы ұқсастықтарды жіпке тізіп беруге де әзір.

Сиви Махмуди

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Сивидің түрлі сындарға әлдеқашан еті үйренген. Сондықтан болар, 15 жылдан астам уақыт тынбай тер төгіп келеді. Бірақ әнші бикештің шығармашылығына қатысты жалпы жұрттың пікірі мынадай…

“Өтірік әнші!” “Осыған ән айтып не керек?” – Солақай жазбаларға Махмудидің жауабы дайын. Өнер иесі өзін Ресей жұлдызы Алсуға ұқсатады.

“Тәтті дауысым бар. «Екінші біздің Алсусың» дейді. Қырғын диапозонның керегі емес деп ойлаймын. Мысалы, Ресей елінде көбісінің диапозоны мықты емес. Дауысы кішкентай болса да, өзіндік стилі бар да. Соны жеткізе білу. Сол сияқты менің өзімнің дауысым бар деп ойлаймын. Өзіндік стилім бар”, – дейді Махмуди.

Сиви отандық шоу-бизнестегі трендтерден де қалыспайды. Өткен жылы Қайрат Нұртас інісі Заңғарды сахнаға шығарса, биыл Махмуди інісі Марсельмен бірге дуэт жазып, дәл қазір бейнебаян таспалау үстінде.

Сиви Махмуди, әнші:

“Менен артық айтпаса, кем айтпайды. Менен де күшті айтады деп айта аламын. Бір өзіндік тембрі өзгеше, жүрегі бар. Бойында таланты бар, қызығушылық танытады. Еліктейді. Бірақ кірмейді деп ойлаймын. Өзі де айтады: «Өнерге кірмеймін. Бұл уақытша. Жас кезде, бойымда талант бар кезде айтып алайын» деген сияқты”, – дейді Сиви.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау