Сірке су, пышақ, зілбалға: Ақмола облысында анасы мен қызы кәсіпкер әйелді қатігездікпен өлтірген

Ақмола облысында анасы мен қызы кәсіпкер әйелдің үстіне сірке суын құйып, пышақ сұғып, қатігездікпен өлтірген, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Сірке су, пышақ, зілбалға: Ақмола облысында анасы мен қызы кәсіпкерді қатігездікпен өлтірген

Тергеу нұсқасы бойынша,  Ерейментау қаласының екі тұрғыны үш дүкенге иелік етіп отырған әйелге шабуыл жасамақ болған. Оны өлтіру үшін зілбалға, пышақ және сірке суын алдын ала дайындап алған. Олар күні бұрын әйелдің үйіне келіп, жұмысқа тұрғысы келетіндерін айтыпты. Ал қанды оқиға орын алған күні әйелге қоңырау шалып, үйде кімдердің бар екенін анықтап алады. Отағасы үйден кеткен бойда, олар арам ойын жүзеге асыру үшін кәсіпкер әйелдің үйіне барыпты.

Кәсіпкердің үйіне кіргеннен кейін, қызы үй иесінің бетіне сірке су шашып жіберген. Әйел қатты ауырғандықтан айқайлай бастапты. Артынша анасы әйелге пышақ сұға бастаған. Мұнан кейін оны өлгенше балғамен ұрғылапты.

Жасаған қылмысынан кейін анасы мен қызы үйден 3 миллион теңге мен видеотіркегішті алып, тайып тұрған.

Жәбірленуші алған жарақатының салдарынан ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, оның беті күйген, кеудесінде пышақ жарақаты бар әрі бас сүйегі сынған.

Күдікті әйелдер ақшаны алып, Астанаға кетіп қалған. Алайда олар елордада тұтқындалды. Бастапқыда әйелдер бәрін теріске шығарғанымен, алайда сараптама күдіктілерден алынған рюкзак мен зілбалғадан жәбірленушінің ДНҚ-сын тапты. Ал сот процесі кезінде олар бәрі бұрынғы қарыз үшін болғанын және оқиғаның аяқ асты орын алғанын айтып ақталмақ болды.

Ақмоладағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот анасы мен қызын кінәлі деп таныды. Нәтижесінде 58 жастағы әйел 16 жылға, 34 жастағы қызы қылмысты ұйымдастырушы ретінде 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, олар жәбірленуші тарапқа материалдық және морльдық шығынын өтеп беруге міндеттелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар