Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сириялық суретші әлем көшбасшыларының суретін босқын бейнесінде салып шықты (фото)

Сириялық суретші Абдалла әл-Омари “Әлсіздік” деген атаумен сериялық картиналар салған. Онда әлемдік көшбасшылар үй-күйін соғыс кесірінен тастап шыққан босқындар кейпінде бейнеленген.

1148

Бұл туралы BuzzFeed хабарлайды.

“Әлсіз болудың нек екенін олар түсінетін шығар”, – дейді әл-Омари. Ол осы суреттері арқылы соғыс деген нәрседен ешкімнің де сақтандырылмағанын ескерткісі келіпті.

6363

Сириялық суретші өз елінен 2011 жылы соғыс басталған кезде қашып кеткен, қазір Бельгияда тұрады.

6565

Ол әлем көшбасшыларының “ерекше кейіптерін” жасау үшін 19 ай еңбектеніпті.

5252

Онда президенттер торыққан, ашыққан, күш пен қуаттан жұрдай болған кейіпте бейнеленеді.

“Мен олардан билікті тартып алғым келеді. Бірақ, өзім үшін емес, әрине, саясатқа адамилықты қайта оралту үшін”, – дейді суретші.

4141

Ал бір картинада ол өзін әлемдік лидерлермен бірге тамақ кезегінде тұрғанын салған.

7474

“Басында мені бұл нәрсеге ынталандырған нәрсе өзге сириялықтар секілді қанымда тулаған ашу болды. Бірақ, кейін сабырға келіп, оларды қарусызданған, биліктен жұрдай образда суреттегім келді”, – дейді ол.

654

Картиналардан босқын сияқты болған Дональд Трамп, Владимир Путин, Башар Асад, Ким Чен Ын, Борис Джонсон, Тереза Мэй, Николя Саркози, Франсуа Олланд, Дэвид Кэмерон, Барак Обама, Ангела Меркель сияқты тұлғаларды тануға болады.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан жұлдыздары Джеки Чанмен түскен суреттерін көрсетіп мақтанды (фото)

Ең танымал ағайынды жұлдыздар (фото)

Әлемдегі ең семіз адам болуды армандаған әйел жүкті болып қалды

Жапондар ерлерге арнап төстартқыш шығарды (фото)

Талқылау