Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сириялық кішкентай қыз шашымен екі мотоциклді сүйреді (видео)

Сириялық сегіз жасар қыз спорттық шара кезінде Дамаск көшелерінің бірінде үстінде жүргізушісі бар екі бірдей мотоциклді шашымен тартып сүйреді.

амв

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Трюкті жасар алдында қыздың әкесі оның шаштарына арнаулы жіпті байлайды. Сосын ол мотоциклге жалғанды.

Аднан Исмаилдың айтуынша, қызы 6 жасынан бері жаттығып жүр екен. Сол кезде-ақ, ол өз қызының ерекше қасиетін байқаған.

“Менің қызым 6 жасқа толғанда оның өте күшті екенін байқадым да, дереу екеуміз бірге жаттыға бастадық. Әуелі 50 келіден бастап, сосын 100, кейін тіпті 450 келіні де көтеретін болды. Жаңа ғана көрдіңіздер, екі мотоциклді де оңай 50 метр қашықтыққа дейін  сүйреді”, – дейді әкесі.

Ол осы жетістікпен тоқтап қалғысы келмейді. Қызын алдағы уақытта әрі қарай дайындап, тәжірибесін жетілдіре түспек.

Талқылау